No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ұмай» бағдарламасына 10 мамырдан бастап өтініштер қабылдана бастайды

08.05.2023
Жаңалықтар
206
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасына өтінішті 10 мамырдан қабылдайды. Биыл бағдарламаға 15,6 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражатты Азия даму банкі үшінші транш аясында бөліп отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Отбасы банк.

АДБ шарттарына сәйкес, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына жалпы қарыздың 40%-дан аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарланған.

«Несиенің 60% облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына берілмек. Бұл өңірлердегі қазақстандық әйелдерді қолдау және несиелеуде диспропорцияны болдырмау мақсатында жасалды», делінген хабарламада.

Бұл бағдарламагы іске асыруға АДБ бас-аяғы 38 млрд теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. 2021 жылы «Ұмай» бағдарламасы басталған кезде, бірінші транш аясында, жалпы көлемі 8,4 млрд теңгеге 954 қазақстандық қыз-келіншек қарыз алған болатын. 2022 жылы 14 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1 119 бұрымды баспана алып, қоныс тойын тойлады.

Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме биылғы жылы 14,4% (ЖТСМ – 15,4% бастап) тең, кейін ол 3,5%-5%-ға дейін (ЖТСМ – 3,6% бастап) төмендетіледі.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады. Сондай-ақ «Ұмай» бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз алуға болады.

Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, ол 15%-дық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 640 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20%-дық алғашқы жарнамен алуға болады.

«Ұмай» бағдарламасы екінші немесе үшінші тұрғын үй сатып алуды көздеп отырған, кірісі жоғары әйелдерге арналған. Биылғы жылы біз АДБ-мен бірлесіп, «Ұмай» бағдарламасына табысы 200 000 теңгеден аспайтын әйелдер де қатыса алатын болады деп шештік. Егер олар төлем қабілеттілігін растаса, ең төменгі 15% бастапқы жарнамен несие алатын болады. Біз оларға бөлінген қаражат аясында жалпы несиелендірудің 20% жуығын бөлуді жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша несиені otbasybank.kz порталында онлайн немесе банк бөлімшелерінде және кеңес беру орталықтарында рәсімдеуге болады

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Эмир” ірімшігімен танымал ЖШС туралы не білеміз?

13.10.2022

Қазақстандықтар Семейдегі өрттен зардап шеккендерге 50 млнға жуық ақша жинап берді

13.06.2023

Желіде зейнетақы жинағына қатысты жалған ақпарат тарауда

10.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа