Үндістанның шығысындағы Одиша штатында жүк пойызы жолаушылар пойызымен соқтығысып, оның сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Салдарынан қаза тапқандар саны 288 адамға дейін өсті. 900 адам түрлі жарақат алды деп хабарлайды Kazbusiness.kz жаңалықтар порталы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Апат 2 маусым жергілікті уақыт бойынша 19:20 шамасында (Астана уақыты бойынша 19:50) Баханага Базар станциясының жанында болды. Пойыз Калькутта маңындағы Шалимар станциясынан Ченнайға бара жатқан.
Апат болған жерге бірнеше апаттық-құтқару пойыздары, 50 жедел жәрдем көлігі және бірнеше өрт сөндіру есептері жіберілді. Құтқару жұмыстары жалғасуда, барлаушы иттер адамдарды іздеуге шықты.
Куәгерлердің айтуынша, тірі қалған жолаушылардың көпшілігі аударылған вагондарда қалған адамдарға көмекке келген. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, апат болған жерде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын және зардап шеккендер қажетті көмек алу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын хабарлады.
Байланыс жолдары министрі тергеу жүргізуге бұйрық берді.