No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үнемдеудің 4 әдісі туралы білесіз бе?

12.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

1. Есептеу

Өз шығындарыңызға басқаша көзқараспен қарағыңыз келе ме? Оларды жазып, чектерді сақтаңыз. Сол кезде Сіз қосалқы сатып алуға қанша ақша жұмсайтыныңызды көріп, таң қаласыз.

Қойын кітапша алыңыз немесе үй бухгалтериясына арналған бағдарламаны жүктеңіз. Оған барлық сатып алу жоспарланған заттар мен міндетті шығындарды енгізіңіз: коммуналдық қызмет ақысы, жұмыстағы түскі ас және т. б.

Құттықтағыңыз келетін туыстарыңыз бен достарыңыздың туған күндерін қайта жазыңыз, болжамды сомаларды көрсете отырып, сіздің ойыңызша, шығындарға әкелетін барлық болашақ оқиғаларды түгел енгізіңіз.  Мүмкіндігінше жақын болашағыңыздың көрінісін ақшалай түрде толық жасауға тырысыңыз.

Тек шығындарыңызды бақылау арқылы Сіз бюджетіңізді үнемдеуге қол жеткізе аласыз.

2. Жеңілдіктер

Статистика бойынша жалақының көп бөлігі отбасы үшін азық-түлік пен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Бұл шығындарды қалай үнемдеуге болады? Акциялар, сатылымдар қашан өткізілетінін біліңіз. Сондай-ақ Сіз жиі кіретін дүкеннің пластикалық картасының болуы да жақсы мүмкіндік. Әдетте мұндай карталарды ұстаушылар 3-тен 20%-ға дейін сатып алуға жеңілдік алады. Сондай-ақ кэшбэк бар жерде төлем карталарымен төлеу тиімді.

3. Депозит

Банкте шот ашыңыз. Бұл ақша жинақтаудың тиімді тәсілдерінің бірі, соның арқасында сізде күтпеген шығыстарға арналған бос қаражат әрқашан қолыңызда болады. Бірақ есіңізде болсын, жалақы алғаннан кейін бірден салым салған дұрыс, өйткені Сіз оны әлі жұмсап үлгермейсіз. Жеке капиталды басқару саласындағы мамандар ай сайын табыстың 10%-ын үнемдеуді ұсынады.

4. Қарызсыз өмір

Қарызға ақша алмауға тырысыңыз, әсіресе кредит алуға асықпаңыз. Өйткені, банктік пайыздарды қайтаруыңыз керек болады. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Өзіңізге ойлануға бір күн уақыт беру –  өте жақсы кеңес.

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, ертең сіз, мысалы, аса қажет емес техниканы кредитке алуға шешім қабылдап, ол үшін ұзақ уақыт бойы ақша төлеуіңіз әбден мүмкін.  Өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізге сеніп, еңбекке жарамсыз болған жағдайда қаржылық қауіпсіздік жастығына ие болуды ойлау қажет. Қарызға батпай, мүмкін Сіз ай сайын белгілі бір соманы жинап, содан кейін ғана қажетті тауарды сатып алғаныңыз жөн болар.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы $2,5 млрд құрады

02.12.2022

Жамбылдық кәсіпкерлер судан таршылық көріп отыр

20.10.2022

А/В тестілеу немесе бизнестегі кәсіби терминдер

24.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа