No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үш апта қатарынан азық-түлік бағасы арзандады – ҮКІМЕТ

03.04.2023
Жаңалықтар
20
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Сауда және интеграция министрлігі елімізде үш аптадан бері 6 түрлі өнімнің, яғни қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және қант бағасының төмендеуі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Елордада Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің м.а. Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке арналған апталық баға жағдайының қорытындылары мен бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды.

«Осы аптада қарақұмық жармасының бағасы – 1,3%-ға, қант – 0,8%-ға, пияз – 0,3%-ға және картоп – 0,7%-ға төмендеді. Сондай-ақ жалпы үш өңірде, яғни Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында күнбағыс майының бағасы 1,1%-ға төмендеді», — деп атап өтті ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.

Сонымен қатар Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша 2022 жылдың қазан-қараша айларымен салыстырғанда күнбағыс күнжарасының бағасы 30%-ға, ал күнбағыс майының бағасы өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 19%-ға дейін төмендеген. Қазір отандық май зауыттарында өндірілетін тазартылған күнбағыс майының сату бағасы литріне 630-680 теңге аралығында.

Сондай-ақ кеңес барысында делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы өз нәтижесін көрсетіп жатқаны айтылды.

«Cауда комитеті электронды шот-фактураларды талдау нәтижесінде “Шымкент” ӘКК-нен жеңілдікпен займ алған екі жеке кәсіпкердің делдалдық схемасын анықтады. Қосымша делдалдық жасау арқылы олар бір-біріне жоғары бағамен өнім сатқан. Нәтижесінде, өнім тұтынушыға айтарлықтай қымбат бағамен жеткізілген. Пысықтау үшін барлық материалдар аумақтық департаменттерге берілді», — деп атап өтті Айдар Әбілдабеков.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек өңірлердегі қалыптасқан қорлардан көкөністерді брондаудан шығару нәтижелері мен қорлардың көлемі жайлы мәлімдеді. Сәуір айының соңына дейін 29,9 мың тонна картопқа қажеттілік туса, 18 өңірде бұл көкөніс түрімен қамтамасыз ету көлемі 90%-дан жоғары, қалған екі өңірде – 69%-ды құрады.  Сәбізге сұраныс биылғы сәуір айының соңына дейін – 6,8 мың тонна болса, Қарағанды облысын (69%) қоспағанда, қормен қамтамасыз ету 100%-дан жоғары. Екі облыс (Жамбыл және Қызылорда) қырыққабатпен 50%-дан төмен, ал қалған барлық өңір одан жоғары деңгейде қамтамасыз етілді.  Барлық облыстардағы пияз қоры 50%-дан асады.

«Біз тауарлық интервенциялар жұмысының нәтижесін көріп отырмыз және бұл жұмысты ерте шығатын көкөніс түрлері келіп түскенше жалғастыруымыз керек. Сонымен қатар азық-түлік тауарларын форвардтық сатып алуды қаржыландыруды 70%-ға дейін ұлғайта отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын қайта қарап, айналым схемалары бойынша 30%-ға дейін төмендету қажет.  Осылайша, форвардтық сатып алулардың арқасында бізде нарықтағы бағаның тұрақтануына әсер етуге мүмкіндік беретін өнім қорының кепілдендірілген көлемі болады», —  деді Серік Жұманғарин.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

18 жасында киім дүкенін ашқан жігіт

29.06.2023
фото: ашық дереккөз

ЖЭО қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

08.07.2023

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге үндеу жасады

29.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа