Юрий Викторович Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды Kazbusiness.kz тілшісі.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетcек, Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен бері басқарды.