No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнетақы, жәрдемақы төлемінің мөлшері өсті

24.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.  Иә, зейнетті өмір сүру үшін  қаражаттан тапшылық көрмегенге не жетсін.   Бұл орайда  Қазақстан Республикасының  Үкіметі   жәрдемақылардың инфляцияға жұтылып кетпеуін  қамтамасыз етуде. Сөзімізге биылғы қаңтардан бастап, зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшерінің  ұлғайғандығы дәлел.  Осы орайда, оқырмандарымызға әлеуметтік көмек қаржы берудегі өзгеріс жаңалықтар жайлы ақпарат беруді жөн көрдік. Мәселенің мәнісін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Абдалиев таратып айтып берді.

Ол: «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” ҚР Заңына сәйкес, 2023 жылға: айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге; ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге; базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге мөлшерінде белгіленді»,– дей келе, зейнетақы төлеудегі өзгеріс жаңалықтарға егжел-тегжелі  тоқталды. Биылдан бастап, еңбек сіңірген жылдары  және жасына байланысты  зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5 %-ға арттырылған. Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке (189 750 теңге) дейін көтерілді.  Зейнетақы жүйесіне он және одан аз жыл салымшы болған адамдардың зейнетақысы  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызына  ұлғайтылды. Егер салымшы он жылдан артық қаржы жинаса әрбір толық жылға 2 пайыз өсіріледі. Сондай-ақ, республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100 пайыздан асырылмай көбейтілді.  Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тағайындалған және жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге де қатысты. Маманның айтуынша, қаңтар айында  облыстың 88 548 зейнеткеріне 6 млрд. 559,2 млн. теңге зейнетақы төлемі аударылған.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіндегілердің сөзінше, денсаулыққа байланысты берілетін жәрдемақы төлеуде де өзгеріс бар. Мысалы, мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 пайызға артқан. Яғни, I топтағы мүгедектікке байланысты берілетін  жәрдемақы мөлшері 77 889 теңге,  II топтағы мүгедектерге – 62 068 теңге, III топтағыларға – 42 190 теңге жәрдемақы  қарастырылған. Бұл орайда, 2023 жылдың қаңтарында облыстағы 18 921 мүгедектерге 1 млрд. 110 млн. теңге жәрдемақы төленген.

Бала тууы бойынша төленетін әлеуметтік көмектерде де өзгеріс, жаңалық бар. Бұл орайда  жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына  131 100 теңге болып  тағайындалды. Ал, төртінші және одан да көп балаға төленетін жәрдемақы  217 350 теңгеге дейін өсіп отыр. Әлеуметтік салаға жауапты мамандардан алынған мәлімет бойынша, облыста бала туу бойынша 1 189 азаматшаның  есеп айырысу шоттарына 185,9 млн. теңге жәрдемақы аударылған.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеудегі жаңалықтарға шолу жасайық. Жұмыс істемейтін ата-аналарға арналған жәрдемақы мөлшері: бірінші балаға –19 872 теңге, екінші балаға –23 495 теңгеден төленеді. Үшінші балаға –27 083 теңге, төртінші және одан да көп балаға жәрдемақы төлеу  30 705 теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төлеу мерзімі бір жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылғанды туралы баршамызға мәлім. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Жеңісбайұлы биылғы қаңтар айында облысымыз бойынша, бала күтімінде отырған 3 526 анаға  95,4 млн. теңге жәрдемақы төленгенін айтты.   

Асыраушысынан айырылған адамдарға жәрдем беру де Үкімет назарынан тыс қалмайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 пайызға артқаны баршаға мәлім.  Отбасында  еңбекке жарамсыз бір адам болған жағдайда – 34 888 теңге, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны екеу болған жағдайда – 60 445 теңге, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны үшеу болған жағдайда – 75 049 теңге, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны төртеу болған жағдайда – 79 512 теңге, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны бесеу болған жағдайда – 82 352 теңге, отбасының алты және одан да көп еңбекке жарамсыз мүшелері болған кезде әрбір адамға берілетін жәрдемақы мөлшері 85 597 теңгенің тең үлесі ретінде есептеледі.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Абдалиев әлеуметтік көмек қаржының дұрыс есептелуі және уақытында есепшотқа түсуі де қатаң бақылауда болатынын айтты. Ендеше, баршаңызға зейнетті өмір нәсіп етсін!

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Фото: primeminister.kz

Бас прокуратура Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова, Ұранхаев және Ахметовтен жауап алады

14.06.2023

«Qazaqstan Project Management Awards – 2022» Ұлттық конкурсының жеңімпаздары белгілі болды

12.12.2022

Әуе рейстері неге кешігеді? – Scat басшысы жауап берді

30.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа