No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жамбылдық өнеркәсіп кәсіпорындары 390,7 млрд теңгенің өнімін өндірді

Аймақтағы әкімдіктің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың мәліметінше, Мұраталыұлы тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 46,7 млрд теңгені құраған. Бұл салада металл руда өндірісі 1,9 %-ға ұлғайды.

08.08.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ал өңдеу өнеркәсібінде 277,9 млрд теңгенің өнім шығарылып, саланың жалпы үлесі 71 %-дан асып жығылды. Тағы айта кетерлігі, жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіпте – 49,2 %-ға, тамақ өнеркәсібінде – 6,5 %-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде, яғни құрылыс индустриясында – 3,6 %-ға, дайын металл бұйымдарын өндіруде – 38,5 %-ға, машина жасау саласында 20,1 %-ға өнім көлемінің артуының нәтижесінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің артуына қол жеткіздік, – деді Аспандияр Мұраталыұлы.

Оның айтуынша, Тараз қаласының ғана кәсіпорындары қаңтар-маусым айлары аралығында 238,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Енді облыс орталығының өнеркәсіп саласындағы үлесінің ең қомақты екенін және мұнда ірі өндіріс ошақтарының шоғырланғандығын ескеріп, жергілікті әкімдік осы саланың дамуын басты назарда ұстауы қажет.

Басқарма басшысы Ұлттық экономика министрлігімен келіссөздер жүргізу барысында 2022 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің межесі 489 млрд теңге болып келісілгенін атап өтті. Бұл көрсеткіш келесі бағыттарда орындалатын болады: бюджет есебінен салынатын инвестициялар – 114,6 млрд теңге; шетелдік инвестициялар – 40,3 млрд теңге (11 жоба); инвестициялық жобалар – 212 млрд теңге (27 жоба); жеке инвестициялар есебінен – 110,9 млрд теңге (жеке кәсіпкерлер); мемлекеттік бағдарламалар арқылы – 11,2 млрд теңге (нақты бөлінген қаражат);

Қазіргі уақытта негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 155,7 млрд теңгеге жетті. Алайда, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға аз. Десе де 2022-2025 жылдары жалпы құны 2 трлн теңге болатын 443 инвестициялық жобаның базасы қалыптасып, әр жобаны іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұның ішінде 2 061,5 млрд теңгеге 51 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып, 8 366 адам жұмыспен қамтылады. Ал қалған 18,8 млрд теңге болатын 392 жоба әлі де пысықтау қажет, – деп түсіндірді спикер.

Оның сөзіне қарағанда, Жамбыл облысына инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жауапты маман өңірдегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 77 193-ті құрайтынын да жеткізді. Оларда жұмыспен қамтылған тұрғындар 129 мыңға жақындап қалған. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жылдың алғашқы үш айында 116,1 млрд теңгенің өнімі өндіріпті.

Осы уақытқа дейін аймақтағы қаржы институттары барлығы 47 млрд теңге көлемінде несиелендіру жұмыстарын жүргізді. Бұл қаражаттың 48,5 %-ы, яғни 22,8 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы үлестірілсе, 13,8 %-ы – 6,5 млрд теңге «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниялары арқылы берілді. 37,7 %-ы микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендірілді. Берілген несиелердің 21 %-ға жуығын, 9,8 млрд теңгеге жүзеге асқан 544 жобаны мемлекеттік бағдарламалар қамтыды, – деді Аспандияр Сейсебаев.

Ол әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірде бірқатар шаралар қабылданғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілері 1665 тоннаны құрайтын 9 түрлі тауарды 106 ірі сауда дүкендеріне тікелей жеткізіп берген. Ірі сауда желілерімен 10 түрлі тауарға күзгі форвардтық келісім жасалғаны тағы бар. Яғни, 237 дүкен келесі айдан бастап 10 мың тоннаға тарта тауарды келісілген бағада саудалайтын болады.

Сонымен қатар 4,2 млрд теңге айналым қаражатын қолданып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар форвардтық әдіспен 32 әлеуметтік павильон арқылы өткеріліп жатыр. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде сауда үстемесін бұзғаны үшін бүгінге дейін 15 сауда нүктесіне хаттама толтырылды. Нәтижесінде наурыз айында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 13,7 %-ға өскен болса, бүгінде 2,5 % деңгейінде тұрақталды. Өңіріміз 19 әлеуметтік маңызы бар тауардың 10 түрімен толықтай қамтылған болса, 3 түрімен 40-84% аралығында, 4 түрімен 6,5-23,2 % аралығында қамтамасыз етілген, 2 тауар түрі мүлде өндірілмейді, – деді басқарма басшысы.

Аспандияр Мұраталыұлы, бұған қоса, тұрақтандыру қорына 1,2 млрд теңге бөлініп, 8,1 мың тонна тауар сатып алынғанын айтты. 646,1 млн теңгеге 4,5 мың тонна тауар өткерілген. Бүгінде 625,6 млн теңгеге 2,3 мың тонна қор қалыптасты. 54 жәрмеңке өткізіп, 1,2 млрд теңгеге 1,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Сақтандыру мәдениеті дегеннен хабарыңыз бар ма?

20.01.2023

Alibaba-ны 70 бизнес өкілі тегін қолдана алады: Gold Supplier 1 жылға беріледі

01.04.2023

“Ең қымбат нәрсе – ол уақыт”: Алматылықтар кептеліс тудыратын жөндеу жұмыстарына наразы

12.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа