No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда бизнестің барлық ұсыныстары ескеріледі – Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде жеке бизнес өкілдерінің, «Атамекен» ҰКП және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

05.08.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Отырысқа қатысушылар Үкіметтің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық саясатының жобасын қарады. Ол едәуір экономикалық еркіндікті қамтамасыз етуді, экономиканы әртараптандыруды, экспорттық әлеуетті және еңбек өнімділігін арттыруды, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғауды дамытуды көздейді.

«Біз үшін экономикалық өсімнің арқасында азаматтардың әл-ауқатының артуы, табысының өсуі маңызды. Бұл орайда экономикалық өсу тұрақты болуы керек. Осыған байланысты, бірінші кезекте кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударғымыз келеді. Сонымен қатар барлық басқа салалар да құрылымдалып, осы құжатта көрсетілген. Егер бизнес өкілдерінің нақты ұсыныстары болса, оларды ескеруге дайынбыз», — деді Премьер-Министр. Сондай-ақ ол бизнес-қауымдастық пен азаматтық қоғамды талқылауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Сонымен қатар отырыста агроөнеркәсіп кешенін, тау-кен металлургиясын, көлік саласын, энергетиканы және салықтық әкімшілендіруді дамыту мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, бизнестің проблемалық мәселелерін «EPG Education» ЖШС директоры Досым Бесбай, «Олжа Агро» ЖШС директоры Айдарбек Қожаназаров, «Атамекен» ҰКП төралқасының Геология саласы, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовец және «Визор Қазақстан» инвестициялық компаниясының серіктесі Алмас Чукин көтерді.

Ауыл шаруашылығын реттеу мәселелерін талқылау аясында Премьер-Министр салалық министрлік тарапынан жіберілген кемшіліктерге назар аударды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарылып жатқан жұмысты дұрыс түсіндірмейді. Сондықтан кәсіпкерлерде не болып жатқаны туралы қате түсінік қалыптасады. Бидайды шығаруға ешқандай тыйым салынған жоқ! Біз квота түрінде шектеулер енгіздік, бірақ оны әдеттегі экспорт көлемінен жоғары қойдық», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, егер Қазақстан айына шамамен 350 мың тонна астық экспорттап отырған болса, квота биылғы қыркүйек айының соңына дейін қолданыстағы экспорттық келісімшарттарды шектемей, азықтық астықты бақылаусыз жаппай шығарудың алдын алуды қамтамасыз ету үшін айына 500 мың тоннадан жоғары деңгейде белгіленді.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов АӨК субсидиялау жүйесін реформалау тақырыбын қозғады.

«Біз барлық бюджет шығыстарын олардың тиімділігін арттыру бөлігінде, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша қайта қарап жатырмыз. Қаржыны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға бағыттағымыз келеді. Бұл инвестициялық субсидиялар, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандату, оларды одан да қолжетімді еткіміз келеді. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруды қысқартқымыз жоқ. Керісінше, оны ұлғайтқымыз келеді. Алайда одан экономика үшін, жалпы ел үшін пайда болуы керек, әрбір бюджеттік теңгенің қайтарымын арттырғымыз келеді», — деді Премьер-Министр.

Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов барлық қатысушыларға айтылған ескертулер мен ұсыныстар үшін алғыс айтты.

«Біз бірлесіп алға жылжуымыз керек. Қандай да бір сындарлы ұсыныстар болса, оларға әрқашан құлап асып, өз жұмысымызда ескеретін боламыз. Барлық жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыруда бизнеске жетекші рөл берілетінін тағы да растағым келеді. Үкімет кәсіпкерлік қоғамдастығымен бірлесіп, бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуды және еліміздің экономикасының өсуі мен дамуы, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін алғышарттар жасауды жалғастырады», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Халықтың Төреші деген ұғымды тоқтату керек”: заңгер әншінің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

16.06.2023

Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі басталды

29.03.2023

Starbucks Boss көбірек барист кірі және аз технологиялық – BBC

01.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа