Жанар Айжанованың бұрынғы күйеу баласы екінші рет үйленді. Танымал мобилограф Қыран Талапбектің таңдауы Гүлзада Тұрлаш есімді аруға түскен, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
Қыран Талапбектің отбасылы болғаны туралы қуанышты хабарды әнші, жайдарманшы Қабдол Тілеков Instagram парақшасындағы stories-те хабарлады. Ол “Жастар бақытты болсын” деп, Қыран мен Гүлзаданың парақшаларын белгілеген. Бұл мәліметті Қыран Талапбек те, Гүлзада Тұрлаш та растады.
Ұзақ уақыт бойы сүйіктісін көпшіліктен жасырып келген Қыран Талапбек қалыңдығын көрсетті. Оның таңдауы Гүлзада есімді жас актрисаға түскен. Қыран әлеуметтік желідегі парақшасында қалыңдығымен бірге түскен суреттерін жариялады.
“Бақытымды таптым. Негізі ол ылғи жанымда болатын. Жәй ғана сіздер байқамағансыздар ғой”, – деп жазды Қыран Талапбек.
Жас жұбайлар қазақтың салтымен қалыңдыққа сырға салып, беташар жасап, құдалық өткізді.
Қыран да, Гүлзада да екінші рет отбасын құрып отыр.
Еске сала кетейік, Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың Назар есімді ұлы бар.
Кейін отандық бағдарламалардың біріне сұхбат берген Қыран Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң өзінің сүйіктісін тапқанын және басы бос еместігін айтқан еді.
Ал Гүлзада Тұрлаш тұрмысқа жас кезінде ақымақтықпен шыққанын жазған еді.