No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаркент өңірінде картоптан мол өнім алынды

Панфилов ауданында  жүгері өсірумен қатар картопқа да ден қойылып отыр. Мәселен, «Ернар» шаруа қожалығы өткен жылдан бері картоп өсіруді қолға алып, Баскұншы ауылдық округінде 73 гектарға, Қоғалы өңірінде 42 гектардан астам жерге картоп еккен, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызмет.

06.12.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

– Кербұлақ ауданы Қоғалы өңірінің топырағы шұрайлы. Даңқы шыққан Қоғалы картобын білмейтіндер кемде-кем. Бірақ жақсылап күтіп-баптаса, Жаркент өңірінің жерінен де жақсы өнім шығады. Картопты жемісті мол беретін тау етегіне егуге болады. Біз солай жоспарлап отырмыз, – «Ернар» ШҚ төрағасы Тасқын Жапарқұл.

Оның айтуынша, Панфилов ауданында биылғы жылы өсірілген картоптың орташа шығымдылығы 18,5 т/га, ал Кербұлақ ауданында – 14 т/га. «Ернар» шаруа қожалығы жалпы 1840 тонна өнім жинаған, соның 600 тоннасын келесі жылға тұқымдыққа қойып отыр.

Тор қаптарға салынған картоптың бір бөлігі Жаркент қаласындағы базарда саудаланды, енді бір бөлігі Алматы қаласындағы қоймаға жіберіліп, одан әрі қыс мезгілінде мегаполистің сауда нүктелеріне шығарылмақ.

«Ернар» ШҚ жергілікті тұрғындарға картоптың әр келісін 115 теңгеден өткізді. Бұл өз кезегінде Жаркент өңіріндегі сауда нүктелеріндегі картоп бағасының тұрақтануына елеулі ықпал етті.

Жалпы Жетісу облысында биыл 12 мың гектар жерден картоп жиналды. Өнімнің жалпы жиыны 253 мың тонна, орташа шығымдылығы 214,7 ц/га болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,2 ц/га артық.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Күдебаевке қашуға көмектескендер Қырғызстанда ұсталды

23.05.2023

Алматыдағы «Тұлпар» базары сәуірден бастап жабылады

10.03.2023
Фото: gov.kz

Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге 1,3 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды

21.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа