Ашық НҚА порталында жарияланған Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының жаңа нұсқасының жобасы жарияланды. Ереже жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған микрокредит беру тәртібімен толықтырылған.
Жастарға арналған жаңа кредит “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ арқылы беріледі. Негізгі шарттары:
- микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
- микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
- сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
- микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.
Несие алушыларға микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген құжат жобасы 2 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.