No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген такси жүргізушілерінің көлігі тәркіленуі мүмкін бе?

Жеке тасымал – өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар арасында танымал қызметтердің бірі. Алайда жеке кәсіпкер ретінде заң талаптарын орындамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

09.09.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Такси қызметі – қала бойынша жылдам жүрудің ыңғайлы жолы. Елімізде цифрландыру мен автокөліктер санының өсуіне орай жеке такси жүргізушілерінің саны да артты. Олар тапсырыстарды іздеу үшін мобильді қосымшаларды (агрегаторларды) пайдалана алады. Бұл ретте Қазақстандағы такси бағасы ТМД елдеріндегі ең жоғары бағалардың қатарында. Өз кезегінде бұл қызметтерді ұсынатын қазақстандықтар өздерінің конституциялық міндетін атқарып, мемлекеттік бюджет алдындағы салықтық міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл туралы жеке такси жүргізушілерін Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек Ведомствоның мәліметінше, жеке жүргізушілер жеке кәсіпкер мәртебесіне ие болуы керек. Айта кетейік, жеке кәсіпкер ретінде онлайн режимде тіркелуге болады.

1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

Егер қызмет жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылса, онда ол осы негізде жұмыс істей алады. Міндетті талаптар: қызметкерлердің еңбегін пайдаланбау, ал жылдық табыс 3528 айлық есептік көрсеткіш, яғни 2022 жылға 10,6 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте жеке табыс салығының (ЖТС) мөлшерлемесі табыс сомасының 1% ғана құрайды. Салық есебін бір айдан бір жылға дейінгі мерзімде өткізуге болады.

2. Ұялы байланыс қосымшасы арқылы арнайы салық режимі

“e-Salyq Business” арнайы мобильді қосымшасы арқылы – жұмысшысы жоқ жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы 1% мөлшерінде.

3. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі

Жеңілдетілген декларация негізіндегі жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер үшін және алты айға ең жоғары табысы 24 038 айлық есептік көрсеткіш (2022 ж. 73,6 млн. теңге) мөлшерінде. Олар табыс мөлшерінің 3% жеке табыс салығына төлейді.

4. Жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша жеке кәсіпкер

Бұл салық төлемінде жеке кәсіпкер табысының 10% мөлшерін салыққа төлеуге міндетті. Алайда жеке кәсіпкерліктің бұл түрі үлкен қаржы айналымы бар кәсіпкерлер үшін тиімді.

Жеке кәсіпкерлігі жоқ такси жүргізушілеріне қандай қауіп бар

Жеке такси жүргізушілері бұл талаптарды орындамаса, оларға 15 айлық есептік көрсеткіш немесе 2022 жылға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Ал егер айыппұл салынғаннан кейін 12 ай ішінде мұндай заң бұзушылық қайта анықталса, онда жаза мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішке ұлғаяды, яғни 91 890 теңгені құрайды. Бұл ретте, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Заңның 463-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін заттарды және (немесе) құралдарды тәркілеу көзделген. Яғни, көлікті құқық бұзушылық жасау құралы ретінде алып қоюға болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Маңғыстаулық кәсіпкердің әділдік іздеп жүргеніне 5 жылдан асты

17.11.2022

Доллар қымбаттады

13.02.2023

QR арқылы несие алудың артықшылықтары мен кемшіліктері

24.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа