No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жеке кәсіпкерлік арқылы декреттік төлем алуды рәсімдеу қиындай түсуі мүмкін

18.04.2023
Жаңалықтар
14
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бұрын болашақ аналар қосымша төлемдерді алу үшін жеке кәсіпкерлік арқылы декреттік төлемдерді рәсімдей алған. Бірақ енді бұл процедураға кей өзгерістер енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер де, жұмыссыз әйелдер де декреттік төлемдерді алуға құқылы.

Елімізде аналарға бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы белгіленген: бірінші, екінші және үшінші бала үшін – 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2023 жылғы көрсеткіштер бойынша 131 100 теңге беріледі, төрт не одан көп бала туған жағдайда – 63 АЕК немесе 217 350 теңге беріледі.

Одан кейін әйел бала күтімі үшін ай сайынғы төлемдерді ала алады. Жұмыс істемейтін қазақстандық әйелдерге де бала күтімі үшін ай сайынғы төлемдер АЕК бойынша есептеліп, беріледі, ал жұмыс істейтін әйелдер үшін берілетін жәрдемақы мөлшері жалақыдан төленетін әлеуметтік аударымдар сомасына байланысты.

Жұмыс пен жалақының болуы да әйелдің жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік береді. Сондықтан кейде қазақстандықтар көбірек жәрдемақы алу үшін жеке кәсіпкерлікті (ЖК) ашады.

Заң жобасы 2023 жылдың 25 сәуіріне дейін талқыланады және жеке кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды төлеу процедурасын реттеуді өзгертуі мүмкін.

Заң жобасының 6-тармағына сәйкес, енді ЖК иелері үшін өз атына жасалатын әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері деп өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсатында ЖК иесі өз бетімен айқындайтын табыс сомасы танылатын болады. Бұл табыс сомасы өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалған табысқа тең болуы керек.

Яғни жеке кәсіпкерлік ашқан әйелдер сол табыс сомасынан өз атынан зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуге міндеттелетін болады.

Сондықтан мұндай схема бойынша қосымша әлеуметтік аударымдардан түсетін жәрдемақы азаюы мүмкін.

Ал жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің жәрдемақысы әдеттегідей айлық жалақысына байланысты төленетін болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Dems судың крипто есту маневріне бөлінеді – саясат

08.05.2025

“Пинтада” неге қазақша әндер шырқалмайды?

24.03.2023

Орташа айлық алатын қазақстандықтар пәтер ала алады ма?

31.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа