ІІМ республика аумағында 11 адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды kazbusiness .kz.
Олар “Kyzdar.Net” интернет-сайты арқылы жезөкшелікке жарнама жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 миллион теңгеге дейін пайда түсіріп отырған.
Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 миллиард теңге болады (орташа алғанда жылына 2 миллиард теңгеден асады).
Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынған, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады.