Алматы қаласындағы жер сілкінісінің болуы қазақстандықтар арасында жаппай үрей туғызған еді. Қала әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісінің болуын ескертуші система жайлы мәлімдеме жасады.
SMS пен Cell broadcast технологияларына қарағанда мобильді байланысқа ауыртпалық салмай, ақпараттың жаппай әрі тез тарауына мүмкіндік береді.
“ Алматы қаласының әкімдігі Төтенше жағдай министрлігімен бірге жұмыс жасауда. Осы жылдың мамыр айының аяқиалуына дейін “Mass allert” ескерту системасы жүзеге аспақ. Аталмыш технологияға бюджеттен 475 млн теңге бөлінді.”
Әкім жаппай сақтандыру системасын жүзеге асыру 25 қаңтардағы президент тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.