Жетібайдағы жұмыссыз тұрғындар наразылықты тоқтатты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Олар 27 наурызда аштық жариялаған болатын. Аштық акциясына 50-ге жуық адам қатысты.
Тұрғындар мұнай өнеркәсібіне жұмысқа орналастыруды талап етті.
«Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін шараға қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады әкімдік.