No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу ауылдарында саумал мен балдан сабын жасау ісі қайта жаңғыруда

Жетісу облысы Қапал ауылының тұрғыны Нұржәнет Ердәулетқызы ерекше өнім шығарып отыр. Ол сүт өнімдері мен балдан сабын әзірлеуді қолға алған. Кәсіпкер өзі тауарын «жасыл өнім» деп атайды. Себебі ондағы қоспалар таза табиғи, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

13.11.2022
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Атажұртқа Қытайдан 2019 жылы көшіп келген Нұржәнет Ердәулетқызы кезінде кәсібін алабота шөбінен қара сабын қайнатып бастағанын айтады. Кейін сұранысқа қарай шығаратын өнім түрін көбейткен. Соның ішінде сүт сабыны, айран сабыны, саумал сабыны, қияр және бал сабындары сияқты түрлерін дайындайтын болды. Негізі бұл кәсіппен айналысуды Қытайда жүргенде бастаған. Кейін елген келген соң ісін қайта жандандырды. Оған отағасының аттан құлап, мертігіп, жұмысқа шыға алмай қалғаны түрткі болыпты. Яғни осы кәсіпті жүргізіп, табыс табуға бел байлаған.

 

– Сабынды дайындауға өзіміздің саумал, сүт, қатығымыз, көкөнісіміз, Текелінің балы қолданылады. Ал қажетті кокос майын Қытайдан алғызамын. Кәсіпті кеңейтуге мемлекет тарапынан берілетін грантқа талпынып көруге ниеттімін. Қазір отбасым барынша қолдау көрсетіп отыр. Екі балам мен келінім өнімді қорапқа салып қаптауға, әлеуметтік желілер арқылы тауар өткізу ісін ілгерілетуге жәрдемін тигізеді, – дейді Н.Ердәулетқызы.

 

Оның айтуынша, кішкене балалар үшін сабын жүрек, гүл, мысық және басқа да қызықты әрі тартымды формаларда құйылып дайындалады. Мұндай сабынмен нәрестелерді шомылдырса, ешқандай аллергия болмайды. Ересектер қолданса, беттің терісін жұмсартады, жаңа түскен әжімдерді, майлы беттің бөріткендерін, қара дақтарды кетіруге көмектеседі. Яғни кішігірім косметикалық өнім деуге болады. Бағасы сабынның көлемі мен құрамына қарай 500 теңгеден басталады. Дегенмен кәсіпкер беттегі дақтарды медициналық жағынан тексертуді ұмытпау керек дейді. Себебі ол адамның ішкі ағзаларының сырқаты салдарынан ба, әлде сыртқы әсерлерден бе, алдымен соны анықтап алған жөн.

 

«Өзім осы сабынды тұрақты қолданамын. Сырт көзге нәтижесі өз тәжірибемнен айқын көрініп тұр десем де болады. Бұл табиғи таза сабынды алуға Жетісу облысының жақын аудандарымен қатар, Алматыдан да тапсырыстар түсіп жатыр. Бұл ертеден бергі ата-бабаларымыздың сүттен, балдан, шөптерден дайындайтын пайдалы заттарына деген көпшіліктің қызығушылығы әлі күнге зор екенін білдіреді», – дейді кәсіпкер әйел.

 

Бұл пікірді 15 жылдық тәжірибесі бар педагог, химик-биолог Зарина Абузярова да растайды. Қазір ол Жетісу облысы Алакөл ауданындағы «Лепсі өнімдері» ЖШС-да дайындаушы технолог болып жұмыс істеп, табиғи сабын мен басқа да косметика түрлерін өндіруге өз үлесін қосып келеді.

 

Еске сала кетсек, «Лепсі өнімдері» ЖШС косметикалық сабын, сусабын, шашқа арналған бальзам, ванна тұзы, жалпы саны 11 түрлі өнім шығарады. Бұл ретте органикалық бал, саумал, жергілікті дәрілік шөптер, оған қоса Алакөлдің шунгиті мен Жалаңашкөлдің топырағы – бәрі де табиғи таза өнім дайындауда таптырмас материал болып отыр. Кәсіпорын жыл басынан бері 10 мың данадай сабын шығарған. Өнімдері жергілікті және астаналық сауда орындарында сатылады.

 

Сабын дайындаушы шеберлер бұл жақсы бизнес болумен қатар көне дәстүрді жаңғырту, бабалар қолданған тәжірибені тарату деп есептейді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жеңілдетілген автонесие бойынша екі банкке қаржы бөлінді

22.06.2022

Павлодарда қарбыз сатушы 2,5 млн теңгеге бағаланатын есірткі тасымалдаған

31.07.2023

Бюджет кірісінің қанша пайызы мұнайдан түседі?

18.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа