No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысы: «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы» жобасын жаңғыратын болады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы» жобасын іске асыратын инвесторлармен онлайн режимде кездесу өткізді. Бұған дейін қараша айында өткізілген кездесуде қол жеткізілген келісімге сәйкес тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Инвестицияның жалпы көлемі 1 трлн. теңгеден асады, бұл облыстың үш жылдық бюджетіне тең,  - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

12.12.2022
Жаңалықтар
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Кездесуде Б.Исабаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жобаны дамытуға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті:

— Мемлекет басшысы біздің өңірге келген сапарында Қытаймен іскерлік және сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, кеңейте түсуге бағытталған осы маңызды жобаны қайта бастау шараларын қабылдау туралы тапсырма берді. «Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік қаласы» жобасы Қазақстан-Қытай индустриялық-инновациялық ынтымақтастық жобаларының тізбесіне енгізілген, сондай-ақ бұл жобаның екі елдің Үкіметтері арасында «Жібек жолының экономикалық белдеуін» салуда елеулі мәні бар. Бүгінгі меморандум жобаны іске асырудың жаңа кестесін бекітіп, оны іске асыруға байланысты бұған дейін жоспарланған барлық іс-шараларды қайта бастауға мүмкіндік береді, — деді Бейбіт Исабаев. Сол сияқты ол «Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік қаласы» аясында жоспарланған 30 инвестициялық жоба жайында және оларды іске асыру мерзімдері туралы мәліметтерді сұрап білді.

«Қытай-Қазақстан халықаралық өнеркәсіптік қаласының» басқарма төрағасы И Фаджунь мен «Fujian Dazhuo» басқарма төрағасы Линь Сяов өздеріне қолдау көрсеткені үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдірді, сондай-ақ жобаны іске асыруға қатысатын компаниялардың тізімімен қоса барлық қажетті ақпаратты уақытылы береміз деп сендірді. Сондай-ақ олар желтоқсан айының соңына дейін Жетісуға келіп, жеке кездесу барысында барлық мәліметтерді жүзбе-жүз отырып талқылай алатындарына үмітті. Оған қазіргі уақытта ҚХР аумағында коронавирустың қайта өршуі кедергі келтіруде. Сондықтан барлық кездесулер әзірге онлайн режимде өткізіледі.

Меморандумға қол қоюға қатысты пікірін білдірген Бейбіт Исабаев «Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік қаласы» жобасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қана емес, технологиялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатынын атап өтті. Болашақ логистикалық технопаркте жаңа өндірістер, дамыған инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары, сауда-ойын-сауық объектілері, фудкорттар және т.б. нысандар болады, яғни жаңа жұмыс орындары ашылады, заманауи технологиялар қолданысы кеңейеді, облыс бюджетіне түсетін салық түсімдері молаяды деген сөз. Бұл жоба 1-2 жылдық емес, оның алдағы перспективаларын ескерсек, оның геостратегиялық маңызы үлкен.

Кездесуді аяқтай келе тараптар ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестікке мүдделі екендіктерін айтты, яғни пандемияның салдарынан екі жылға жуық тоқтап тұрған жобаны іске асыруға бар күш-жігерлерін салмақ.

Облыс әкімі Б. Исабаевтың айтуынша, келесі аптада өңірге ресми сапармен ШҰАА делегациясы келеді. Ірі инвестор компаниямен меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Еске салсақ, осы жылдың қыркүйек айының басында «ҚР-ҚХР ынтымақтастығы жөніндегі достық диалогы» онлайн кездесуі аясында Шыңжаң өңірі мен Жетісу облысы арасында бауырластық байланыс орнату жөніндегі ниет туралы хаттамаға қол қойылған болатын.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ақша жинағанда неге эмоцияға берілмеу керек?

09.01.2023

Бюджетті жүргізу үшін кестені қалай пайдалануға болады?

14.01.2023

Қаржыны жоспарлауға арналған үш қадам

12.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа