Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше Жетісу облысында жиын-терін жұмысы басталып, қарқынды жүріп жатыр, деп жазды kazbusiness.kz сайты.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі күнге жалпы алаңы 308,6 мың гектар жердің 127 мың гектарынан немесе 41,1%-нан дәнді дақыл жиналды.
“Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, 247,2 мың тонна астық бастырылды, егіннің орташа шығымдылығы – 19,5 ц/га, бұл өткен жылы 18 ц/га айналған болатын”, – делінген хабарламада.
Жалпы облыстағы дәнді дақылдардың алаңы 308,6 мың гектар (2021 ж. – 302,5 мыңга). Сонымен қатар мал азығын дайындауға да ерекше мән берілуде.
Бүгінгі күні 1350,5 мың тонна мал азығының қоры жинақталды, бұл – өңірдегі қажеттіліктің 70,3%-ы, соның 1095,7 мың тоннасы – шөп, 77 мың тоннасы – пішендеме, 90,6 мың тоннасы – сабан, 87,2 мың тоннасы – жем.
Айта кетейік, аймақта жем-шөп дайындау жұмыстары әлі де жалғасады.