Жетісу облысындағы шаруашылықтардың бірінде асыл тұқымды ірі қара малы қырылып жатыр. Бұл туралы “Время” басылымының тілшісі жазды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz.
Аштықтан сиырлар жүнмен қоректенсе, бұзаулар тақтай жеуге мәжбүр. Бұндай өмір үшін күрес сахарада емес, жері құнарлы Қызылағаштағы жайылымдардың бірінде.
“Агрохолдинг Ақсу” компаниясы Ақсу ауданында бірқатар “сүт” жобасын іске қосқан кезде өзі туралы жариялады. Компания 1300 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салып, Даниядан 620 бас джерсей тұқымды сүтті ірі қара малын әкелді.
Өңірге 5 млрд теңге қаржы салып отырған ірі инвестициялық компаниялардың бірі ретінде оны Жетісу облысының жаңа әкімі Бейбіт Исабаевқа да таныстырды. Алайда, іс жүзінде бәрі қағазда баяндалғандай болмай шықты.
“Жергілікті атқарушы билік өкілдері ұпай жинаумен ғана айналысады. Облыс әкімі үшін арнайы экскурсия ұйымдастырды. Барлық арық малдарды қораға қамап, семіз бұзауларды ғана көрсетті. Қарны ашқаннан мөңіреген сиыр даусы естілмес үшін фермаға музыкалық аппаратты әкелді”, – деп шағымданды Қызылағаш ауылының тұрғыны, ветеринар Сәуле Амитова.
Айтуынша, облыс әкімі миллиардаған инвестиция мен көрнекілік тақтайшасындағы әдемі суреттермен облыс әкімі алданған. Сол себептен ол шөптің, сүрлемнің және құрама жемнің жоқтығына да мән бермеген. Істің ашығын айтады деп қорыққаннан сауыншыларды да, бақташыларды да жолатпады. Инвестициялық жобаның құрдымға кетіп бара жатқаны туралы шындықтың беті ашылады деп үрейленді.
“Күнде таңертең сиырды саууға келеміз. Жануар болса аштықтан мөңірейді. Жан даусын естігеннен жаның ашиды. Не істерімізді де білмейміз. Жем-шөп жоқ. Құрама жемді соңғы рет қыс айларында алып келді. Жануарлардың арып кеткені соншалық орындарынан әрең тұрады. Беруі тиіс он литр сүттің орнынан екі-үш литрден артық сүт шықпайды. Алдымызда келе жатқан қыстан аман шықпайды ма деп қорқамыз”, – дейді сауыншылар.
Сиырларға қарауға шынымен де жүрегің дауаламайды. Құр сүйектері ғана қалған. Біз дәрумендердің жетіспеушілігінен жүндері түсті екен деген ойда болдық. Бірақ бақташы олар осылай бір-бірлерін сипалап тастаған екен, деп жазады Сандуғаш Дүйсенова.
“Жем-шөп былтырғы. Соның өзінде оны үнемдеп, күнінен бір уақыт қана береміз. Құрама жем туралы мүлдем ұмыттық. Оны тіпті әкелмейді де. Сиырлар жаз бойы қорада тұрды, олардың күн сәулесінен жасыратын жер де болмады. Шатырды өзім жасауға тура келді. Бүгін менің сиырларымда асқазан мерекесі. Біреу қожайындарға журналистер келе жатыр дегеннен кейін олар сүрлем әкелді. Бірақ бұл көлем де ұзаққа жетпейді”, – дейді бақташы Жұмағали Дәулетбай.
Аталған фермада тек қана сиырлар емес, бұзаулар да аштықтан қырылудың аз алдында тұр. Ветеринар Сәуле Амитованың айтуынша, олар сүт ішеді. Десе де туылғандарына үш айдан да аспаған. Бұзаулардың іштері өтіп жатқанына қарағанда сүтті сумен араластырып беретін көрінеді. Одан бөлек бұзауларды ішек жолдарының ауруы жемде дәрумендер мен минералдардың жеткілікті мөлшерде болмауынан да болады. Немесе сүттен ажыратып, жеммен тамақтандыруға ауыстырғаннан да болуы мүмкін.
Айта кетейік, “Агрохолдинг Ақсу” ЖШС директоры Сауат Оразбаев бұзаулардың сүтті жеткілікті мөлшерде алатынына сендіргенімен, сену қиынырақ. Өйткені жануарлар қоршау ретінде тұрған ағаш тақтайларды кеміруде.
Жас жануарларды ұстау жағдайлары да мәз емес. Барлық жағынан жарылған үлкен темір шатыр және бетон еден. Осы дизайн ферма деп аталады. Бұл нашар суретті тізесіне дейін өз көңіне батып тұрған бұзаулар аяқтайды. Барлық жер кір. Тіпті бұзаулар су ішетін жерді де жууға ерінгендей. Бұның себебін суғарушы Айсара Сайдиш жас малдың суғаратын жерге аяғымен кіріп, суды ластайтынымен түсіндірді. э
– Қанша рет тамақтандырасыздар?
– Күніне екі уақыт. Жем, сүрлем, су береміз.
– Қанша бұзау қырылды?
– Айта алмаймыз, әйтпесе жұмыстан шығарады. Айлықты алмағанымызға үш ай болды. Егер есіктен теуіп шығарып жіберсе, бір тиын да ала алмай қаламыз. Сондықтан ештеңе айтпағанымыз абзал, – деген Айсара шындықты қалай айтып қалғанын өзі де аңсармай қалды.
Компания жетекішісі Есет Жүнісов фермада ешқандай мәселе жоқтығын айтып, сендірді. Жануар күніне екі уақыт тамақтанады.
“Мәселені салық органдары тудырып отыр. Олар “Агрохолдинг Ақсу” ЖШС есепшоттарын бұғаттап тастады. Компания салыққа байланысты қарызды төлемеуге байланысты деп түсіндірді бізге. 6 қыркүйек күні өтетін сот ісін жеңген соң айлыққа байланысты барлық шығынды өтейміз. Одан бөлек жануарға қажетті барлық жем-шөпті дайындаймыз”, – деп түсіндірді Есет Жүнісов.
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті “Агрохолдинг Ақсу” ЖШС шоттарының бұғатталғанын растады.
“Салық заңнамасы бойынша Қазақстан аумағына әкелінген асыл тұқымды ірі қара мал үшін компания шамамен 37 млн теңге ҚҚС төлеуі тиіс. Бірақ ол әлі қабылданбаған заңның жаңа түзетуіне сілтеме жасай отырып, мұны жасаудан бас тартады”, – деп түсіндірді салық қызметкерлері.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары жануарларға аяусыз қараған холдинг басшысын жауапқа тартуды талап етуде.
“Инвестор Ақсу ауданына келген уақытта 5 млрд теңге көлемінде инвестиция салатынын айтқан еді. Іс жүзіне келгенде 37 млн теңге табылмай қалды ма? Қожайынның ашкөздігінен неліктен үй жануары қиналуы тиіс?”, – деп қорытындылады сөзін Сәуле Амитова.