No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысында бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті

  Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Атамекен» алаңында бизнес-қоғамадстық өкілдерімен кездесті. Іс-шара мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 19 мамырында айтылған тапсырмасын орындау, республикада бизнесті қорғаудың экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастыру аясында өтті.

26.09.2022
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев атап өткендей, жиын Жетісу облысы құрылғаннан кейін өңір басшысымен ұйымдастырылған алғашқы ірі кездесу.

«Осыған дейін Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен бірлесіп өзекті мәселелерді анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Палатаның салалық комитеттерінің бизнес-қоғамдастықпен өткізген алдын ала жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша түрлі мәселелер көтеріліп, ұсыныстар топтамасы әзірленді», – деді облыстық палата басшысы.

Сұрақтарды жан-жақты қарау және тиімді шешім жолдарын іздеу мақсатында кәсіпкерлермен кездесуге «Атамекен» ҰКП басқарма мүшелері, прокуратура органдарының басшылары, аумақтық, жергілікті атқарушы органдардың және даму институттарының басшылары қатысты.

Атап айтқанда, кәсіпкерлер жергілікті өндірушілерді қолдау, баға белгілеуді реттеу, өнімді өткізу мен сату мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру сұрақтарын, мемлекеттік органдардың бизнес қызметіне заңсыз араласу жағдайларын мәселе ретінде көтерді.

Қаратал ауданының пияз өсірушілері бағаның өсуіне және мемлекеттік қолдаудың болмауына байланысты өнімді өткізу мен жеткізуді реттей алмай отырғандарын жеткізді. Сондай-ақ, фермерлер өңір басшысының назарын ауыл шаруашылығы техникасы мен тамшылатып суаруға арналған жабдықтарды сатып алудағы жоғары бағалар мен талаптарға аударды.  Кәсіпкерлердің айтуынша, уәкілетті органдар тарапынан тексерулер саны мен қысым азаймаған.

Сондай-ақ, өнеркәсіп өкілдері Мемлекеттік кірістер департаментінің ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, кейін істен қылмыстық құқықбұзушылық құрамы анықталмауына байланысты тоқтатылған жағдайға назар аударуды сұрады.

«Қайнар АКБ» ЖШС өкілінің мәліметіне сәйкес, Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғау жүйелі сипатқа ие болуда.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Бейбіт Исабаев мемлекеттік органдардың басшыларына кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді, сондай-ақ облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін еске салды. Кездесу соңында облыс әкімі осы форматта жылына екі рет кездесу өткізуге дайын екенін білдірді.

 

 

 

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Бизнестегі қателіктер: “Tumar for business”-тен бағалы кеңестер

12.01.2023

Банк алдындағы қарызын 90 күнге кешіктірген азаматтарға несие берілмейді материалға сілтемені көшіру

27.06.2023
фото: ашық дереккөз

Енді пара берушінің өзі де жауапқа тартылатын болады

01.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа