Биыл қаңтар-қазан айларында елімізде дәрі-дәрмек өндірісі құндық мәнде 112 млрд теңге болды.
Шымкентте дәрі көп өндірілген, ол 46 млрд теңгеге жетті. Жетекші өңірлердің үштігіне Алматы облысы (31,1 млрд тг, жылына 23,4% өсім) және Алматы қаласы (16,2 млрд тг, 7,7% өсім) кірді.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елге 1 млрд доллар сомасына 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Заттай өсім 17,3%, ақшалай өсім 25,8%-ға тең.
ТМД елдерінен 101,3 млн доллар сомасына 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорттың негізгі көлемін Ресей алады: 4,6 мың тонна дәрі-дәрмек алынды, бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,6%-ға аз. Негізгі жеткізушілердің үштігіне Беларусь пен Украина да кірді.
ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстанға 900 млн доллар сомасына 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Қытай ҚР үшін негізгі жеткізуші болды: 2,6 мың тонна дәрі-дәрмек алында, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан кірді.
Биыл қазан айының қорытындысы бойынша елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті.
Бағаның өсімін Алматы тұрғындары қатты сезінді: бірден 17,5%-ға қымбаттаған. Антилидерлердің бестігіне Маңғыстау (17,1%-ға), Ақтөбе (16,7%-ға), Жетісу (16,2%-ға) және Жамбыл (14,4%-ға) облыстары кірді. Ең төмен жылдық өсім Қызылорда облысында байқалды, небәрі 8,9%-ға қымбаттады.