No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу және Алматы облысы Кәсіпкерлер палаталарының директорлары тағайындалды

Бүгін Алматы облысының Өңірлік кеңесі Жетісу және Алматы облысы өкілдіктері басшыларының кандидатураларын келісіп, бекітті.

20.06.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Меритократия қағидаты бойынша Жетісу облысы өкілдігінің директоры болып Алматы облысы ӨКП бұрынғы басшысы Дәурен Оңалбаев, Алматы облысы өкілдігінің басшысы болып ҰКП Агроөнеркәсіп кешен департаменті директорының орынбасары Қуандық Чункунов тағайындалды.

«Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың Талдықорған қаласындағы Алматы облысы Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесуі барысында кандидатуралар қаралып, бірауыздан қолдау тапты.

«Екі үміткер де өте тәжірибелі, жауапты лауазымға ие болуға лайық. Біз Дәурен Оңалбаевтың жұмыс нәтижесімен таныспыз, өңірлік палатаны басқарды. Қуандық Чункуновтың ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибесі бар екені қуантады, Төралқа төрағасы тарапынан жақсы ұсыным айтылды. Өйткені, жаңадан құрылған Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешенді де дамыту қажет. Алматы айналасындағы азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді алдағы жұмыстарына табыс тілей отырып Өңірлік кеңес мүшесі Бақыт Атайбеков.

Еске салайық, 2022 жылдың 8 маусымында ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығы күшіне енді. Нәтижесінде жаңадан құрылған өңірлерде Кәсіпкерлер палаталары ашылып жатыр. Жаңа өңірлік палаталарды құру Съездің айрықша құзыреті болған соң, оны өткізгенге дейін Қонаев қаласында ҰКП өкілдігі жұмыс істейді.

«Бұл сұрақты заңгерлермен және Әділет министрлігімен талқыладық. Кәсіпкерлер палатасының қызметін үзбеу үшін Алматы облысының Өңірлік палатасын Жетісу облысы деп қайта атау және Алматы облысының Қонаев қаласында ҰКП өкілдігін құру туралы шешім қабылданды. Бүгін облыс әкімдерімен кездесуде осы мәселелер бойынша міндеттерді айқындайтын боламыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

Райымбек Баталов Жетісу облыстық ӨКП басшысы Дәурен Оңалбаевты облыс әкімі Бейбіт Исабаевқа таныстырды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу барысында ҰКП өкілдігінің басшысы Қуандық Чункунов таныстырылды.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ұзынағаштық ісмер айына 90 жұп аяқкиім шығарады

15.06.2022

Қаржылық сауаттылықты арттыратын 5 кинотуынды

21.12.2022

Чек бермегені үшін 474 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

16.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа