No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жетісу жастары» бағдарламасы арқылы кімдер баспаналы бола алады?

14.12.2022
Жаңалықтар, Айна
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Жетісу жастары» тұрғын үй бағдарламасының шарттарына сәйкес, ипотеканы Талдықорған қаласында «жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар» санатындағы үй кезегінде тұрғандар рәсімдей алады, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы «Taldykorgan-online.kz» сайтына сілтеме жасап.

Несиенің негізгі шарттары:

  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%;
  • ең жоғары сома – 10 млн теңгеге дейін;
  • бастапқы жарна жаңа пәтер үшін – 0%, қайталама нарықтағы пәтер үшін – 10%;
  • несие мерзімі – 19 жыл.

Талдықорған қаласының әкімдігі бағдарламаны жүзеге асыруға 400 млн теңге (алғашқы транш) бөліп отыр. Ақпаратқа сәйкес, аталған бағдарлама бойынша несиені Отбасы банк береді.

Несие алушыларға қойылатын талаптар:

  • қатысушының жасы 35 жасқа дейін болуы;
  • Талдықорған қаласында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеуде болуы;
  • соңғы 5 жылда тұрғын үйге меншік құқығы болмауы;
  • Талдықорғанда таңдаған саласы бойынша кемінде 1 жыл ресми жұмыс өтілі болуы;
  • «Жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар» санатында болуы тиіс.

«Алғашқы сегіз жылда ай сайынғы төлем 76 600 – 87 600 теңгеге тең болады. Талдықорғанда пәтер жалдау қазір бұл бағамен бірдей немесе одан да қымбат. Біраз уақыттан кейін несие сомасы 46 400 теңгеге дейін төмендейді. Қолжетімді шарттармен несие алған балалар үйінің түлектері отбасыларымен бірге «Жастар» үйінің тар бөлмелері мен жатақханадан жеке баспаналарына көшетін болады», — деді «Отбасы банк» облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы базарындағы өрттен төрт кәсіпкер зардап шекті

12.11.2022

Қазақстанда жылқы еті бір жыл ішінде 16,5 пайызға қымбаттады

11.08.2022

ЕЭК кеңесі бизнес мүддесіне қатысты келелі шешімдерді қабылдады

28.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа