No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісуда фри картобы өндірілуі мүмкін 

28.07.2022
Жаңалықтар
26
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Жаңадан құрылған Жетісу облысының өндірісі өркендеп, экономикалық қуаты артпақ. Алдағы таңда өңірде фри картобын өндіретін су жаңа кәсіпорын ашылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің өңірге сапары барысында талқыланды.

Алдымен Вице-министр картоп өсіруге маманданған ірі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесуден кейін, нидерландық компанияның өкілдерімен бірге индустриялық аймақта инфрақұрылымы дайын және жаңа азық-түлік өндірісі салынуы мүмкін индустриялық аймақтағы учаскені қарап шықты.

Сапардың соңында вице-министр Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен және «Farm Frites Kazakhstan» ЖШС басшысы Йозеф Боермен кездесті. Тараптар Қазақстанда картоп индустриясын дамыту жөніндегі жоспарларын талқылап, зауыттың болашақта орналасатын жері туралы шешімдерді талқылады.

Жоба жүзеге сәтті асырылатын болса, өңірге көп өндірушілер қажет болады. Осыған орай 10 000 гектар алқапта картоп өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтың қосымша жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі қарастырылуда, онда барлық тараптардың әлеуметтік-экономикалық міндеттемелері реттеледі және «Farm Frites» компаниясының біріктірілген фри картоп зауытын салу кезінде мемлекеттік қолдау шаралары нақты белгіленеді.

«Farm Frites» (Farm Frites Beheer B. V.) компаниясының өкілдері 5 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның бірқатар өңірінде картоп пен картоп тұқымын тәжірибе ретінде отырғызып келеді. Олар жоғары сападағы және зауыттың қажеттіліктері үшін қажетті көлемдегі картопты жеткізуді, сондай-ақ жергілікті фермерлерді оқытуды көздеп отыр.

Айта кетейік, «Farm Frites» компаниясы 1971 жылы Нидерландыда отбасылық кәсіпорын ретінде құрылды. Негізгі қызметі – картоптан мұздатылған және салқындатылған өнімдер өндірумен айналысады. Компанияның әлемнің 40 елінде 6 зауыты мен 40 сату кеңсесі бар, онда барлығы 1500 қызметкер жұмыс істейді. Компанияның картопты өңдеу көлемі жылына 1,3 млн тоннаға жетеді, өнім әлемнің 80-нен астам еліне экспортталады. «Farm Frites» – әлем бойынша фри өндірісі бойынша төртінші орында тұрған және McDonalds, KFC және басқа да фаст-фуд мейрамханаларының негізгі халықаралық жеткізушілерінің бірі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Биыл Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу болады

28.02.2023

Бизнесмен Сырымбек Таудың ақша үнемдеуге қатысты кеңестері

01.11.2022

Әлеуметтік маңызы бар тауар бір апта ішінде 0,2 пайызға қымюаттады

27.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа