No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісуда қант қызылшасының әр тоннасына 40 мың теңге берілмек

Өңдеуге өткізілген қант қызылшасының әр тоннасына келесі жылдан бастап 40 мың теңге беріледі, оған субсидияның көлемін 15 теңгеден 25 теңгеге көтерудің арқасында қол жеткізілмек. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабектің өңірдегі қызылша шаруашылықтарының жетекшілерімен өткізген кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

21.09.2022
Жаңалықтар
20
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биылғы жылы зауыт тәтті түбірдің 1 тоннасын 30 мың теңгеден қабылдайды, оның 15 мың теңгесі – мемлекеттен берілетін субсидия, қалған 15 мың теңгесін зауыт төлейді. Сонымен қатар Көксу қант зауыты шикізатты алыс аудандардан жеткізу шығыны үшін ара қашықтық ауқымына қарай тоннасына 1 мыңнан 2 мың теңгеге дейін төлейді.

– Барлық тауарлардың бағасы өскен сайын жылдан жылға қант қызылшасын өсіру шығыны да артып отыр. Биылғы жылы 1 га жерге кеткен шығын 900 мың теңгені құрады, кей жерлерде ол тіпті 1 млн. теңгеден асып кетті. Осыған байланысты қызылша өсірушілердің өтінішіне орай ауыл шаруашылығы министрлігіне біз ұсыныс жасадық. Яғни зауытқа өткізілетін шикізаттың әр тоннасы үшін мемлекеттен берілетін субсидияны 15 мыңнан 25 мың теңгеге көтерсек, сонда шаруалардың әр тонна үшін алатыны 10 мың теңгеге өсіп, 40 мың теңге болар еді. Біздің осы ұсынысымызды министрлік қолдады, сөйтіп бұл өзгеріс келесі жылдан бастап күшіне енетін болады, – деді Бейбіт Исабаев өз сөзінде.

Сонымен қатар облыс әкімінің айтуынша, жалпы өңірде 6 мың гектарға қызылша себілсе, соның нақты шыққаны – 4230 гектар. Көксу зауытына 200 тонна қант қызылшасы өткізіледі деп жоспарланып отыр. «Аудандарда мұндай шығынның неден болғанын анықтау керек. Неге берілген ақпарат пен нәтижесі сәйкес емес? Егер объективті себептері болса, оны келесі жылы болдырмау үшін қазір анықтап білуіміз керек», – деп Б. Исабаев ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырма берді. Бұдан кейін жиын «сұрақ-жауап» түрінде жалғасты.

Өңірдегі шаруашылық өкілдері қант өндірісіндегі өзекті мәселелер мен алдағы перспективалары жайлы сөз қозғады. Олардың сөзіне сүйенсек, саланы дамытуға қант зауыттарының өзі мүдделі болуы керек. Ол үшін зауыт қант кластерінің негізін салушы ретінде саладағы шаруашылықтарға қолдау көрсетіп отыруға тиіс. Зауыттың өзінің қызылша өсіретін жері болғаны дұрыс.

Бұдан бөлек өнімнің шығымына тікелей әсер ететін агротехнологияны сақтау мәселесі де айтылды.

«Өнімділік жоғары болған сайын табыс та жоғарылайды», – дейді Ескелді ауданындағы «Хильниченко и К» КС жетекшісі Александр Хильниченко.

Оның шаруашылығында қазір орташа өнімділік әр гектарынан 600 центнерден кем емес, ал облыста бұл көрсеткіш орта есеппен – 300-350 ц/га.

Шаруалар көтерген тағы бір мәселе арзан бағамен берілетін сұйық отынның сапасына қатысты болды. Жеткізуші компания өкілінің айтуынша, сұйық отын зауыттың тікелей өзінен әкелінеді. Бұл ретте облыс әкімі өнім шығарушыдан жағармайды бірден сапасын тексеріп алатын механизм әзірлеуді тапсырды.

Шаруалар заманауи ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтудың да саланы дамытуға ықпалы зор екенін тілге тиек етті.

Жиында талдықорғандық фермер Еркінбек Сләмов ең озық тәжірибесі бар шаруашылықтармен және мықты ғалымдармен жеке кездесу ұйымдастыруды сұрады. Сонда саланы дамытуға қатысты нақты ұсыныстарын айтып, кеңестерін берсе пайдалы болар еді. Бұл мәселеге қатысты облыс әкімі қолдау білдіретінін жеткізді.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек мемлекет қызылша өсірушілерге бұдан былай да қолдау көрсете беретінін, қазіргі кезде қант өндірісін дамыту жоспары жасалғанын айтып өтті.

– Осы жылдың басында қант қызылшасының 1 кг 22 теңге болған, біз оны көктемде 30 теңгеге көтердік. Енді 40 теңге болады. Осы мақсатқа бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл ретте басқа дақылдарды өсіретін шаруашылықтарды да қолдауымыз керек, тепе-теңдік болуы керек. Сол сияқты қазір тұқымның, гербицидтің, тыңайтқыштардың 50%, техника құнының 25% субсидияланады, осы орайда субсидиялаудың жаңа ережесінде келесі жылдағы баға өсімі ескеріледі. Техникаға қатысты айтар болсақ, егер ол отандық жинақтағы ауыл шаруашылығы техникасы болса, оның 25-30%, шетелдік болса 15% субсидияланады. Бұдан бөлек қызылша жинайтын комбайндар құнының 50% субсидияланатын болады. Егер жұмыс тобы осы өзгерістерді қабылдайтын болса, онда келесі жылдан бастап субсидиялаудың жаңа ережесі қолданысқа енгізіледі, – деді вице-министр.

Кездесуді қорытындылаған облыс басшысы Бейбіт Исабаев ашық әңгіме, еркін пікір алмасуға қатысқан шаруашылықтардың өкілдеріне ризашылығын білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша сұйық отынның сапасын бақылау, ирригациялық жүйелерді қайта жаңғырту бағыттарында тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Атап өтсек, қазіргі кезде Жетісу облысында суармалы жерлерді айналымға тарту мақсатында 38,5 мың гектар жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы өңірдегі ауыл шаруашылығы егістігінің көлемі – 517,6 мың га.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Бюджетке шамамен 15 трлн теңге кіріс түсті

21.11.2022

Екі айда Қазақстанға 1 341 тонна гүл әкелінді

02.03.2023

Алматы облысында өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6,2%-ға өсті

26.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа