No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісулық кәсіпкерлер ауылдарды көркейтуге үлес қосып жатыр

Жетісу облысында кәсіпкерлер жергілікті жерлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене қатысуда. Мәселен, Лесновка ауылында күрес түрлеріне арналған спорт мектебі пайдалануға берілді. Ал Ақсу ауданының Тарас ауылында демеушілік қаржыға медициналық пункт салынды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

13.09.2022
Жаңалықтар
15
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тарас ауылында 1973 жылы тұрғызылған ғимараттың орнына жаңа медициналық пункт ашылды. Оны жергілікті «Қыдырәлі» шаруа қожалығының жетекшісі Төлеген Мақашев салып берді. Мұнда фельдшер кабинеті, екпе бөлмесі бар. Кабинеттерде қажетті құрал-жабдықтар түгел. Енді Тарас ауылының 400 тұрғыны осы жаңа медпунктте медициналық көмек алатын болады.

” Бүгін ауыл тұрғындарымен қатар медициналық қызметкерлер де қуанып отырмыз. Енді мұнда денсаулығына шағымданған жандарға күнделікті көмек көрсетеміз. Қандай шұғыл жағдайда да күндіз-түні қызмет етуге дайынбыз” , – деді медициналық пункттің медбикесі Ақмарал Нұралинова. Осы маңызды жаңалықпен тарастықтарды аудан әкімі Есім Базарханов құттықтады.

Ал Панфилов ауданы Лесновка ауылының балаларына арнап кәсіпкер Айдын Сұлтанов өз қаражатына жаңа спорт кешенін тұрғызды. «Талды» спорт мектебінің аумағы 354 шаршы метр. Мұнда бір мезгілде 50 бала күрес түрлерімен айналыса алады. Сыртында жаттығу алаңдары жасалған, іші толықтай қажетті құралдармен жабдықталған. Қазір екі жаттықтырушы шәкірттерін түрлі жарыстарға дайындап жатыр. Бұған дейін балалардың күреспен айналысуына арнайы жағдай жасалмаған еді.

Спортшкола

«Біз бұрын ескі мешітте жаттығатынбыз. Соған қарамастан ауданда, облыста чемпион болдым. Енді бұдан да зор жетістікке жетемін. Мынадай спорт зал салып берген ағаларға рахмет», – дейді жас спортшы Әли Қалиақын.

Аудан әкімі Марат Сағымбектің айтуынша, бұл – ауданда ашылып отырған төртінші спорт кешені. Барлығын ауылдың қалталы азаматтары өздері салып беруге ниет білдірген. «Балалар жылы» аясында атқарылған осындай керемет тартуға ауыл халқы дән риза.

Бұдан бөлек өңірде мемлекеттік бағдарламамен Пенжім ауылында 100 орынды және Үлкеншыған ауылында 90 орынды спорт кешендері салынуда.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында азық-түлік тауарларының өңірлік қорын құруға 5 млрд теңге бөлінеді

27.11.2022

Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау: ШОБ-ке 7%-дан бастап несие беріледі

10.05.2023

“Барыс” хоккейшілерінің табысы қанша?

29.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа