Асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз өндірісі (56,9 мың өнім, жылдық өсім 35,5%), мен ас үй жиһазы (73 мың өнім, 20%-ға көп) айтарлықтай өсті. Орындық және басқа да отыруға арналған жиһаз түрлерін шығару бір жылда 10,6%-ға, яғни 869,1 мың бұйымға дейін өсті.
Ағаштан жасалған кеңсе жиһазы (42,3%-ға аз, 173,3 мың бұйым) және кереуеттер мен шкафтардан басқа жатын бөлмеге арналған ағаш жиһазы (24,5% кему, 30,2 мың бұйым) өндірісі кеміді.
Биыл Қазақстанға 237,7 млн доллар сомасына үйге арналған 85,8 мың тонна жиһаз бұйымдары импортталды. Импорт заттай 2,1%-ға, ақшалай 6,2%-ға өсті.
Импорттың негізгі көлемін ТМД елдері қамтамасыз етті: ол 78,3%-ға тең. Жыл басынан бері осы елдерден 67,2 мың тонна жиһаз импортталған. Өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға төмендеді. ҚР үшін негізгі жеткізуші – Ресей. Ол 36,4 мың тоннаға тең, өткен жылмен салыстырғанда 27,9%-ға аз. Жетекші жеткізушілердің үштігінде Беларусь пен Украина бар.
ТМД құрамына кірмейтін елдерден 90 млн доллар сомасына 18,6 мың тонна жиһаз әкелінді. Оның көп бөлігі Қытай мен Түркиядан келеді.
Елімізде жиһаз өнімдерін тұтыну нарығы өткен жылы 221 млрд теңгеге жетті.
Сарапшылар халықтың өсуі, көші-қон, кірістердің ұлғаюы, инфрақұрылымның кеңеюі, сондай-ақ жаңа тұрғын үй жобалары мен коммерциялық үй-жайлар салу көлемінің өсуі есебінен жиһаз өнімдерін тұтынудың тұрақты өсуін болжап отыр.