No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Жүздеген млн шығын”: автокөлікті жалған құжаттар бойынша тіркеген қылмыстық топтар ұсталды

19.06.2023
Жаңалықтар
29
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанның бірнеше өңірінде құқық қорғау қызметкерлері шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеген қылмыстық топтарды ұстады, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы Polisia ақпараттық-медиа порталына сілтеме жасап.

Ақпараттық-медиа порталдың жазуынша, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу және оларды ұстау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Мәселен, Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк автокөліктері анықталды.

“Өткен жылдың ақпан айынан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін қылмыстық топ алғашқы мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, 62 жүк автомашинасын қазақстандық есепке қойған”, – делінген басылымда.

ІІМ мәліметінше, әрбір жүк автомашинасын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін ресми төлем шамамен 7-8 млн теңге болуы тиіс еді. Алдын ала деректер бойынша мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 млн теңгені құраған.

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері тағы бір қылмыстық топты анықтады. Күдіктілер Қазақстанға Оңтүстік Кореядан жеткізілген жеңіл автокөліктерді заңсыз тіркеген. Сондай-ақ жалған құжаттар бойынша тіркелген 250 автокөлік анықталды, олар мемлекетке келтірілген шығын 340 млн теңгеден астам қаражатты құрады.

Басылым ақпаратынша, бұл жағдайда қылмыстық топ көлік құралдарына жалған құжаттар жасаған, олар шығарылған жылын 2018-2020 жылдар деп өзгерткен, алғашқы мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген соманы төлемеген.

Астана қаласында қылмыстық топ автокөліктерді автобөлшектер түрінде жеткізуді ұйымдастырған және олардың шанақтарын ауыстыру туралы жалған құжаттар арқылы қазақстандық есепке қойған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Кәсіп бастауға 5 миллион теңге грант: шарттары қандай?

24.08.2022

Қазақстандағы кәсіпкерлер саны 2 миллионға жуық

27.11.2022

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа