No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл басынан бері Сарқан ауданына 24 млрд. теңге инвестиция тартылған

 Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,5 есе өскенін көрсетеді. Сол сияқты ауданда тұрғын үй құрылысында да ілгерілеу бар. Мұнда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 98 мың гектарды құрап отыр, оның ішінде қант қызылшасы 1 мың гектар немесе облыстың жалпы егістігінің 17%-ы. Ауданда жыл сайын 20 мың тоннадан астам көкөніс, 7 мың тонна алма өсіріледі, бірақ өңдеу мәселесі қолға алынбаған. Сондықтан ауданда жаңа қайта өңдеу өндірістерін, жеміс сақтау қоймаларын ашу керек. Сарқан өңіріндегі 14 бордақылау алаңының 8-і жұмыс істемейді. Ал тауарлы сүт фермалары әлі құрылмаған. Осы және өзге де жетістіктер мен кемшіліктер туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Сарқан ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

09.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алдымен аудандық Мәдениет үйінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған облыс басшысы осы ғимараттың мәжіліс залында өңір халқымен кездесті. Бейбіт Исабаев өз баяндамасында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған міндеттеріне сай қабылданатын шаралар, елдегі саяси-экономикалық өзгерістер, оның халықтың әл-ауқатын көтеруге әсер-ықпалы жайлы қысқаша айтып берді. Сол сияқты облыс және аудан экономикасының қазіргі хал-ахуалынан хабардар етіп, Сарқанда қолға алынуы тиіс бағыттарды атап өтті.

Мәселен, суармалы судың тапшылығын болдырмау үшін биыл Сарқан қаласы, Алмалы, Амангелді, Бақалы, Қарабөгет және Черкасск ауылдарында ұзындығы 119 шақырым 10 ішкі шаруашылық каналдарын механикалық тазалау үшін 207 млн. теңге бөлінді. Алмалы ауылдық округіндегі ұзындығы 11,6 шақырым «Малиш» каналын механикалық тазалау жұмыстары басталды. Өткен жылы ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен Тәуке, Ащылыөзек магистралды каналын күрделі жөндеуге 1,3 млрд. теңге бөлінді. Оларды қалпына келтіру жұмыстары биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Өңірде тау туризмі, Балқаш көлінің жағалауын дамыту жұмыстары жүргізіледі.

– Мал басының көбеюіне байланысты ауданда жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі байқалады. Мұндай мәселе бір Сарқан ауданында ғана емес, барлық өңірде бар. Сондықтан бұл проблеманы мен жақсы білемін. Бұл өңірде халықтың жайылымдық жерге деген мұқтаждығын шешу үшін «Март-Агро» компаниясымен Қойлық пен Бақалы ауылдық округтерінде егіс науқаны аяқталғаннан кейін жерді мал жаю үшін пайдалану жөнінде келісім жасалып, меморандумға қол қойылған. Тиісті сала басшыларына жер пайдалануға мониторингті күшейту, оларды айналымға енгізу, мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу шараларын қабылдауды тапсырамын. Аудан әкімдігі осы маңызды мәселені ерекше бақылауға алсын, – деді Б.Исабаев.

 

Айтылған мәліметтерге сүйенсек, Сарқан ауданында 5,5, млрд. теңгенің өнімі өндірілген, яғни облыс көлеміндегі үлесі 3,8%. Осы орайда облыс әкімі шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті. «Аудандағы 3 мың субъектіден бюджетке 406 млн. теңге түскен, яғни өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда 3,4% артық. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бірақ мұнымен тоқтап қалмай, шағын бизнесті одан әрі дамыту керек. Тұрғын үй құрылысы қарқынды басталды. Марқұм Талғат Қайнарбековтің бастаған осы игі істері аяқсыз қалмауы тиіс», – деді Б.Исабаев.

Сарқан ауданындағы 36 елді мекеннің 28-і орталық су жүйесімен қамтылған. Дегенмен 21%-нің тозығы жеткен. Сарқан қаласының тұрғындары бұған дейін көктемгі-жазғы кезеңде ауыз су сапасын жақсартуды сұраған болатын. Осыған байланысты облыс әкімі қазір су жүйесінің 1-ші шақырымына ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқанын айтты. Сол сияқты қаладағы сүзгінің кәріз алаңдарын 17,7 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары қазанның соңында аяқталуы тиіс. Сонымен бірге Сарқан өзеніндегі бастоғанның, Екіаша, Алмалы ауылдарындағы сумен қамту жүйелерінің жаңғыртуы мен құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сол сияқты облыс басшысы жол жөндеу, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту сияқты басқа да маңызды салалардағы жоспар-жобалар жайлы айтып берді.

– Қағаздағы есепте мыңдаған адамды жұмыспен қамтыдық деп көрсетеміз. Шынында солай ма, уақытша және маусымдық жұмысқа тұрғандар бір-екі айдан кейін қайтадан жұмыссыз қалады. Сондықтан есеп жүргізу методикасын қайта қарап, нақты жағдайды анықтап, соған қарай іс-шаралар қабылдауымыз керек, – деп Б.Исабаев облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа міндет жүктеді. Жиында аудан тұрғындарынан он бес сұрақ қойылды. Мәселен, Қазыбаев ауылының тұрғыны Талғат Оралханов ауылдағы фельдшерлік акушерлік пункт 1970 жылы салынғанын, қазір керегесі жарылып тұрғанын айтты. Сондықтан ауылдықтарға жаңа ФАП керек. Облыс әкімі бұл мәселе БМК арқылы шешілетінін жеткізді. «Сіздерге 2023 жылы жаңа ФАП салып береміз. Ауылдастарыңызға айтып барсаңыз болады», – деді Б.Исабаев

Ал Аманбөктер ауылының тұрғыны Есенжол Мүсәпіровтің айтуынша, Екіаша мен Аманбөктер арасындағы жолдың 3 шақырымына асфальт төселмеген. Тұрғындар осы жолды жасап беруді сұрайды. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына мұны келесі жылдың жоспарына енгізіп, жолды жөндеп беру тапсырылды. Сол сияқты 80 орынды мәдениет үйін салу мәселесі де келер жылы шешімін табатын болды. Тұрғындар Екіаша ауылындағы ауыз су, интернет мәселесі, Қойлық ауылында май жайылымы, ауыз су сапасын жақсарту, ауыл ішілік жолдарды жөндеу, жазғы маусымда суару суымен қамту мәселелерін көтерді. Айтылған проблемаларға қатысты Бейбіт Исабаев тиісті салалар мен аудан басшыларынан мән-жайды анықтай отырып нақты жауап берді. Мәселен, Екіаша ауылының сумен қамту жүйесі құрылысының жобалық-сметалық құжатына қаржы қарастылып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылға белгіленген. Қойлықтағы жайылымдық жерлерге қатысты ірі жер иеленуші ретінде «Март-Агро» серіктестігінің өкілі көптің алдына шығып, әкімдікпен тиісті келісім жасалғанын, мәселе шешімін табатынын айтты. Бұдан басқа да Ермек Шиілтенқызының апатты үйін жөндеп беру мәселесі демеушілік көмек арқылы шешімін табатын болды.

Осы жиында Бейбіт Исабаев аудан әкімінің орынбасары өзі жер комиссиясының төрағасы бола отырып, жұбайының атына 500 гектар жер бергені туралы арыз келіп түскенін айтты. Бұл мәселе тиісті комиссия құрылып, тексерілетін болады. «Мұның заңды-заңсыз екенін комиссия тексере жатар. Бірақ қалай болғанда да бұл этикаға жатпайды», – деді Б.Исабаев аудан әкімінің орынбасарына.

Сол сияқты осы орынбасардың ауданға бөлінген арзандатылған жанар-жағар майды талан-таражға салғаны туралы да облыс әкіміне арыз жеткен екен. Енді бұл мәселенің жай-жапсарын анықтаумен аудандық прокуратура айналысатын болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қарасайлық кәсіпкерлер марапатталды

10.09.2022

Алматы облысы: кәсіпкерлер құжаттарын жылдам рәсімдеуге мүмкіндік алады

21.10.2022

Бонк 24 сағат ішінде 8% төмендеді: бірақ бұл баға деңгейі одан әрі DIP-ammCrpto-ның алдын алады

06.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа