No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге 1,3 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды

21.06.2023
Жаңалықтар
Фото: gov.kz
109
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,3 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде 2 млн 299 мың зейнеткер бар. Қазіргі күні зейнетақының орташа мөлшері – 120 743 теңге. Оның 82 881 теңгесі ынтымақты зейнетақы, ал 37 862 теңгесі базалық зейнетақы.

«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге қаржы зейнетақы төлеуге жұмсалған, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 952,2 млрд теңге бөлінген», – дейді ведомство.

Базалық зейнетақы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіндегі өтілі ескеріле отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Ал ынтымақты зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

«Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-іне тең болады. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ке артады. Ал егер сіздің еңбек өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ін құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 100% белгіленеді», – деп түсіндірді министрлік.

Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Халықтың Төреші деген ұғымды тоқтату керек”: заңгер әншінің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

16.06.2023

Трамптың сауда соғысынан өткеннен кейін қор нарығы оның барлық шығындарын қалай қайтарып берді – AP News

05.05.2025

Салық төлеушілерге арналған қосымшалар туралы білесіз бе?

01.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа