Сыйақы 2022 жылғы 23 ақпаннан кешіктірмей ашылған және қалдығы болған теңгелік салымдар бойынша төленетін болады. Қазақстандық банктің әрбір салымшысы, жеке тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де мемлекеттен бір реттік сыйақы алуға, яғни салым сомасынан 10%-дық өтемақы алуға құқылы.
⠀
Сыйақының ең жоғары сомасы 2 млн теңгені, яғни 20 млн теңгенің 10%-ын құрайды. 20 миллион теңгеден асатын ірі депозиттер үшін өтемақы мөлшері шектеулі. Бұл сіздің сомасы 20 миллион теңгеден асатын жарнаңыз бойынша тек 20 миллион теңгеге 10% сыйлықақы есептеледі деген сөз.
⠀
Естеріңізге саламыз, егер салымшы 12 ай өткенге дейін депозитті толығымен алатын болса, онда өтемақы төленбейді. Мысалы, каспи банктен депозит аштыңыз делік. Егер депозиттегі ақшаңызды ай сайын алып, салып жүрсеңіз, онда ешқандай сыйақы берілмейді.
⠀
Бағдарлама талаптарын нақтылауға байланысты кеңес алу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына 1477 нөмірі бойынша қоңырау шалуыңызға болады.