No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қаржылық кеңес

Банк құпиясы: бөліп төлеу шыныменен тегін бе?

20.05.2023
Қаржылық кеңес, Жаңалықтар
181
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тұрғындар тұрмыстық техникалар мен жиһаздарды сатып алу үшін несие рәсімдейді немесе бөліп төлеуді таңдайды. Дегенмен бөліп төлеу қызметі жөнінде көпшіліктің пікірі екіге жарылады. Бірі қолма қол ақшасы жоқтарға пайдалы десе, екіншісі “бұл не деген батпан құйрық?” деп оған күмәнмен қарайды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бөліп төлеу – банк пен тауар сатушысы келісімінің негізінде жүзеге асады. Сатушы банкке арнайы үстем ақы төлеуі мүмкін. Кейде өзінің тауарына жеңілдік жасап, үстіндегі пайызын да банкке төлеп жатады. Тауарды банк менеджерінің көмегімен бөліп төлеу әдісін қолданып сатса да, комиссия төлейді. Сатушыдан орташа банкке төленетін үстем ақы 12%, ал бөліп төлеу мерзімі үш ай. Егер мерзім ұзағырақ болса, онда комиссия жоғары болуы мүмкін, сондықтан көбінесе көптеген сатушылар 0-0-12 форматындағы акцияларға қатыспайды және банк нарығынан біраз уақытқа жоғалып кетеді.

Осы саланы зерттеп жүрген мамандардың айтуы бойынша, қазақстандықтар “бөліп төлеу” түсінігіне әбден үйреніп алған, яғни өз армандарын қарыз есебінде жүзеге асырады.

Экономика ғылымдарының кандидаты Айжан Әсілованың айтуынша, бөліп төлеу де қарыз екенін түсінуіміз керек.

“Бөліп төлеудің өзі қарыз. Біз несиені алғанда оған пайыз төлейтінімізді түсініп, қарыз деп қарастырсақ, бөліп төлеуге келгенде тегін дүние алып жатқандай қараймыз. Пайыз – тауар бағасында жасырын тұрады. Сайып келгенде, сатушының банк қызметіне төленетін пайызы сіздің алып жатқан тауарыңызда жасырылған,” – дейді ол.

Үш айға бөліп төлеуге 100 мың теңгеге тауар алдыңыз делік. Оның 12 мың теңгесін сатушы банкке береді. Осылайша, үш ай мерзімге 88 мың теңгеге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (AECF) шамамен 80,5% құрайды. Иә, иә, бұл қате емес! Бұл сценарийдегі көрсеткіш 80%-дан асады. Бұл реттеушінің GEWR мөлшеріне 56% -дан аспайтын шектеуін айналып өтудің толық заңды жолы сияқты. Ал 6 айға бірдей несие сомасын есептеп көрейік. Біз 45,5% дерлік тиімді мөлшерлеме аламыз – бұл өте көп. Бірақ сіздің келісім шартыңызда ГЭСВ 0% артық төлемсіз деп жазылған. Жақсы көрінеді және жақсы сатылады.

Сарапшылар бөліп төлеу жақсы ойластырылған маркетинг құралы екенін ашық айтады. Тұтынушылар ұстанымы да өзгергенін жоққа шығармайды.

“Көптеген қазақстандықтардың қаржылық өзін-өзі ұстауы өзгеріп кеткен. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, көптеген адамдар қолма-қол ақшаға тауар алғысы келмейді. Мұны тауар сатушылары да жоққа шығармайды. Бұл банктердің нарықтағы үстемділігін көрсетеді. Одан бөлек, тауар сатушылар мен банктің тұтынушылар базасын қолдану арқылы өзінің тұрып қалған тауарларын өткізуге тырысатындар қанша ма?”- дейді қаржылық кеңесші Күнекей Нұрлан.

Мысалы, теледидарды сататын заңды тұлғалар бар. Орташа есеппен алып қарағанда, 100 мың теледидарды өткізу үшін уақыты мен ақшасын жарнамаға құйып, бір немесе екі ай көлемінде сатып бітіреді. Ал банктің тұтынушылар базасын қолданып, бір не екі аптада ғана сатып жіберу мүмкіндіктері бар.

Бөліп төлеуге байланысты халық пікірін де есепке алып, сауалнама жүргізіп көрдік. Сауалнама барысында, бөліп төлеуді өзі үшін ыңғайлы екенін әрі қолма қол ақша жоқ болса, тиімді тәсіл екенін алға тартқандар қарасы көп екенін байқадық.

“Негізі өзім үшін ыңғайлы. Алғым келген тауар үшін айлап ақша жинап жүргенше, қазір рәсімдеп, қолданғаным жақсы ғой. Ақша жинаймыз десек те, жинай алмайтын әдетіміз де бар”,- дейді Қарасай ауданының тұрғыны Қаракөз Жақсылыққызы.

Тақырыпқа орай kazbusiness.kz ұсынған қаржылық кеңестер:
  1. Кез-келген тауарды қолма-қол ақшаға алуды әдетке айналдырыңыз.
  2. Бөліп төлеуді де қарыз ретінде қараңыз
  3. Егер сіз қарызды уақытында төлей алмаған болсаңыз, банктен қашпаңыз. Егер сіздің төлей алмағаныңыз белгілі бір елеулі оқиғаларға байланысты болса, 30 күн ішінде өтініш жазуға құқығыңыз бар. Төлем жасай алмағаныңызды дәлелдей алатын құжат болса банкке өтініш жаза аласыз. Мысалы, жұмыстан шығып кеттім деген іспеттес. Сол арқылы банк тарапынан 1 айлық уақытша демалыс ала аласыз.
  4. Бөліп төлеуді алдын ала жоспарлап, сандық мөлшерін есептеу арқылы ғана алғаныңыз жөн.
  5. Келісім-шартты мұқият оқу керек. Өзіңізге ыңғайсыз бөлігі болса, өзгертуге құқығыңыз бар. Банк талабына келісіп, ол орындалмаған жағдайда, бөліп төлеу несиеге айналуы мүмкін. Жалақыңыздың түсетін уақытын да есепке алыңыз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Бастау бизнес”: мемлекеттен тегін грант алу шарттары

17.08.2022

Қазақстанда егіс науқанына 140 миллиард теңге қарастырылған

11.05.2023
фото: ашық дереккөз

Қостанайда KIA зауытын салу жоспарлауда

04.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа