No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қаржылық кеңес

Мәслихаттарға бөлшек салықты екі есе төмендету ұсынылды

17.05.2023
Қаржылық кеңес, Жаңалықтар
35
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәслихаттарға бөлшек салықты екі есеге төмендетуді ұсынды. Бұл туралы ҰКП баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Қазақстанда бөлшек салықтың арнайы салық режимі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспектив тәртіппен енгізіліп, тұрақты қолданысқа алынды. Салық жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% мөлшерлеме бойынша төленеді. Бұл ретте жергілікті мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету құқығы берілген.  Бұл ретте жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін салық мөлшері 50%-дан аспайды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, мәслихаттар бөлшек салық мөлшерлемесін 4-тен 2%-ға дейін төмендетсе, бизнес үшін барынша оңтайлы жағдай жасалады. Мысалы, ҚҚС бойынша шек – 2 млрд теңге, персонал саны – 200 адам, жеке тұлғалармен жұмыс істеу үшін салық мөлшерлемесі – 2% болады.

«Қазір салық ауыртпалығы салдарынан көп кәсіпорын бөлшектеліп жатыр. ҚҚС шегінен шығып кетпеу үшін кәсіпкерлер табысын жасырумен әлек. Осы мәселені бөлшек салығы арқылы шешетін болсақ, бизнестің басым бөлігіні көлеңкеден шығара аламыз. Кәсібін адал жүргізетін бизнеске де қолдау болар еді. Мөлшерлеме төмендейді, бизнестің басым бөлігі ашық жұмыс істейді және қалыпты өркениетті жұмыс орнайды», – деді Тимур Жаркенов.

Кейбір өңірде кәсіпкерлер салық мөлшерлемесіне қатысты алаңдаушылық білдіріп жатқанын айта кету керек. Мәслихаттарға жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін ставканы 4-тен 2%-ға дейін төмендету құқығы берілгеніне қарамастан, маслихаттардың көбісі ставканың ең төменгі мөлшерін 2%-ға қоймайды,  оны 3% деңгейінде қалдырып жатыр.

Осыған байланысты, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарға бұл мәселені жергілікті басқару органдарымен пысықтауды тапсырды.

Айта кеткен жөн, наурызда Мемлекет басшысы «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы «Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Осы заң шеңберінде арнайы салық режимін жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Алтын Орда” базарын белгісіз топ басып алды

11.07.2023
фото: ашық дереккөз

Гүлмира Сатыбалды тағы сегіз жылға сотталды

30.06.2023

65 мың алматылық салық берешегіне байланысты банк қызметін қолдана алмайды

26.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа