No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қаржылық кеңес

Теңге күшейіп, доллар әлсіреді ме?

kazbusiness.kz экономикалық сарапшылардан қазір теңгені долларға ауыстырған қаншалықты дұрыс екенін сұрап көрді.

07.03.2023
Қаржылық кеңес, Жаңалықтар
113
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл 1-қаңтар күні 1 доллардың бағамы 462,65 теңгеге тең болды. Бүгін (07.03.2023) 1 доллар 434,54 теңгеге сатылып жатыр. Яғни, соңғы айларда теңгенің күшейгенін байқауға болады. Kazbusiness.kz бұл оң өзгерістің себебін еліміздің экономикалық сарапшы мамандарынан сұрап көрді.

Танымал экономист Мақсат Халық теңгенің күшеюін салықтық кезеңмен байланыстырады:

– Соңғы уақытта теңге күшеюінің негізгі себебі – салықтық кезеңмен байланыстырылады. Өйткені көп ірі компаниялар сыртқы табыстарын доллармен ұстайды. Ал мемлекет алдындағы ірі салықтарын төлеген кезде долларын теңгеге ауыстырады, яғни теңге сатып алады. Нәтижесінде теңгеге сұраныс көбейіп, белгілі бір дәрежеде теңгенің құны артады. Ең көп әсерін берген фактор осы.

 

Мақсат Халық

Ал қаржыгер маман Расул Рысмамбетов нарықтағы аталмыш өзгерістерді мұнайдың жақсы сатылуы дейді:

– Біріншіден, доллар әлсіреген жоқ, теңге күшейді. Өйткені біз өткен жылы 103-104 пайыз мұнай экспорттадық, яғни жоспарлағаннан көп сата алдық. Екінші оның бағасы өте жақсы болды. Барреліне 80 доллар не одан жоғары болды. Сондықтан қазір біз бюджетті, Ұлттық қорды толтырып жатырмыз. Бұл теңге күшеюінің басты себебі. Шикізат жақсы сатылып жатыр. Келесі айда Америка федералды резервтер жүйесінің отырысы өтеді, онда доллар мөлшерлемесі көтерілуі керек. Ол өз кезегінде теңгені қосқанда бүкіл әлемдік валюталар қатынасында долларды күшейтеді, – деді Р.Рысмамбетов.

Расул Рысмамбетов

Сондай-ақ сарапшылар дәл қазіргі сәтте теңгені долларға ауыстырып алуға байланысты ой-пікірлерімен бөлісті.

– Меніңше, қазір азаматтарымыз доллар сатып алып  қойғаны дұрыс, өйткені доллар қазір түсіп тұр. Ал ол алдағы уақытта өседі деген болжамдар бар. Өйткені рубльдің құнсыздануына байланысты теңгеміз де біраз құнсыздануы мүмкін. Одан бөлек әлемдік жағдайда да рецессия орын алуы мүмкін деген болжамдар бар. Олай болатын болса, өндіріс азаяды. Қытай да, Америка да өндірісін азайтады. Тиісінше, шикізатқа, мұнайға деген сұраныс азаюы мүмкін. Яғни, мұнайдың бағасы түседі. Осы кезде әдетте қалыптасқан сценарий бойынша теңгеміз әлсірейді. Алдағы уақытта осындай қауіптердің бар екенін жоққа шығармауымыз керек. Бірақ ол ақшаңыздың бәрін долларға салып қойыңыз деген сөз емес. Осы мәселені қаржыгер болғаннан кейін көп айтамын. Бүкіл қаражатыңызды бір ұяшықта ұстауға болмайды. Оны әртүрлі валютада бөліп-бөліп ұстау керек. Сол кезде ғана сіз өз жинақтарыңызды сақтай аласыз және пайда табасыз, – дейді Мақсат Халық.

Р.Рысмамбетов те жоғарыда айтылған пікірге ұқсас ұстанымда екенін айтады.

– Ауыстырған да жөн шығар. Бәріне қазір барып, доллар сатып алыңдар деп айта алмаймын. Өйткені әркімнің өз жағдайы бар. Кімге доллардың қазіргі курсы ыңғайлы болса не алдағы уақытта оған доллар керек болса, алуға болады. Қазір доллар курсы сатып алу үшін қолайлы деп ойлаймын. Бірақ 100 миллион теңге қарыз алып, оны долларға ауыстырып, сосын оны қымбаттыраққа сатамын деу дұрыс емес. Олай істеу үшін соңғы ақшаңды тәуекелге тікпеу керек.

Экономикалық тақырыпта қалам тербейтін журналист Айбар Олжайдың да пікірі өзге сарапшылардан алшақ емес.

– Валюта ауыстыру қажеттіліктерге қарай ғой, сізге доллар керек болса, доллар бағамының түсіп бара жатқанын көрсеңіз, әрине ол кезде сатып алған ұтымды деп ойлаймын. Егер жақын күндері шығындарыңыз теңгемен болатын болса, онда оны ауыстырудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені құбылмалы күйде отырасыз, – дейді журналист.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қаржылық сауаттылықты арттыратын 8 кітап тізімі

22.11.2022

Шетелдік бизнесмендердің Қазақстанға 4 млрд теңгеден аса қарызы бар

21.04.2023

Алматы облысында азық-түлік тауарларының өңірлік қорын құруға 5 млрд теңге бөлінеді

27.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа