No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Алматы облысында лимузин иелері мемлекетке бірнеше миллион қарыз

Лимузин иелеріне соңғы үш жылдың салығын қайта есептеген. Енді әрбір кәсіпкер көлік құралдарының салығы бойынша мемлекетке бірнеше млн теңге қарыз.

27.06.2022
Kazbusiness
14
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Атамекен» кеңсесінде лимузиндердің 50-ге жуық иесі жиналды. Мән-жайларды анықтау үшін Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің, Талдықорған көлік прокуратурасы және әкімшілік полиция басқармасының өкілдері шақырылды.

Автокөлік иелерінің айтуынша, пайда болған берешекті мобильдік қосымшадан 2022 жылдың мамыр айында көрген. Бірден екі миллион аралығында салық берешегі анықталған. Осыдан кейін кәсіпкерлер Талғар ауданы МКБ-не өтініш білдірген. Салықты қайта есептеу Салық кодексінің 492-бабы 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Алматы облысы МКД-нің 19 мамырдағы тапсырмасына сәйкес 2019, 2020, 2021 жылғы 42 көлік құралы (лимузиндер) бойынша жүргізілгені туралы жауап берді. Көлік иелері бұған дейін 2019 және 2020 жылдар аралығында салықтарды D санаты бойынша автобустар ретінде төлегенін атап өтті

«2020 жылдан бастап пандемия кезінде біз жұмыс істемедік, көліктерге сұраныс болмаған соң, көліктер қозғалыссыз тұрды, сәйкесінше табыс та болмады. Бүгінгі таңда жағдай шиеленісе түсті, әрқайсымыздың бір-екі млн теңгеге дейін салық берешегіміз бар. Жеке сот орындаушылары өндірістік істерді қозғап, бізден салық төлеуді және өз қызметтері үшін берешек сомасының 25% төлеуді талап етеді. Сондықтан біз қайта есептеуді алып тастауды сұраймыз және оны заңсыз деп санаймыз», – деді кәсіпкер Айдос Үсенұлы.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапар Шайкеновтың айтуынша, қайта есептеу тек облыста ғана емес, бүкіл республика бойынша жүргізілген.

«Бұл бүкіл Қазақстан бойынша өткізілуде. Бүгінгі таңда біз оны алып тастай алмаймыз. Қайта есептеу заң аясында жасалды» – деп жауап берді кәсіпкерлердің сұрағына МКД өкілі.

Прокуратура мен полиция өкілдері салық органының іс-әрекетінде кейбір қайшылықтардың бар екенін, заңнамада «лимузин» ұғымы жоқ екенін айтып өтті. Осыған байланысты құқық қорғау органдары мәселені зерттейтін болады.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Думан Керімбаев қарызды өндіріп алу процесін уақытша тоқтатуды ұсынды.

«Барлық іс жүргізу әрекеттерін мән-жай анықталғанға дейін тоқтата тұру қажет, себебі кәсіпкерлер наразы. Мен өз тарапымнан Алматы облысы бойынша бизнес-омбудсмен секторының меңгерушісі ретінде мәселені ҰКП проблемалық мәселелерінің тізіліміне енгізу үшін жолдайтын боламын және оның нәтижесі туралы кәсіпкерлерді хабардар етеміз», – деп мәлімдеді Думан Керімбаев.

 

Байланысты Материалдар

АҚШ-та негізделген ұңғымалар Fargo Banker компаниясы Қытайда жұмыс сапарымен келгеннен кейін блокталған: Есеп – New York Post

19.07.2025
INGLEWOOD, CALIFORNIA - MAY 31: (L-R) Lee Jung-jae, Lee Byung-hun, Park Sung-hoon, Kang Ae-shim, and Choi Seung-hyun speak onstage during NETFLIX TUDUM 2025: THE LIVE EVENT at The Kia Forum on May 31, 2025 in Inglewood, California. (Photo by Kevin Mazur/Getty Images for Netflix)

Netflix қоры қарапайым және көтерілу туралы есептер туралы есебіне келеді – инвестордың бизнесі

19.07.2025

Люсид Тесланың робо-таксилеріне түседі.Акциялар Uber, Nuro-мен өзін-өзі басқару саласындағы серіктестікке 50% секеді.- Барронның

19.07.2025

Бұрынғы HSBC трейдерінде алаяқтық үшін сотталғандығы аударылды – BBC

19.07.2025

Дональд Трамп бізге зейнеткерлік нарықты крипто инвестициялары – Financial Times

19.07.2025

Үй крипто өнеркәсібі үшін алғашқы негізгі ережелерден өтеді – Вашингтондағы Post

19.07.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Лагерьге бара жатып 13 жасар бала аяқ-асты қайтыс болды

07.08.2023

“Отбасы банк” арқылы 80 мыңға жуық азамат баспаналы болды

27.12.2022

Қазақстан тұрғындары алаяқтарға 17 млрд теңге берген – Антикор

21.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа