Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Аталған өзгертулер «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03.05. №887 Жарлығын орындау мақсатында жасалды.
Осыған дейін, МКК-де жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ екенін хабарлаған. Өйткені, ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ, бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекен-жайлар да автоматты түрде жаңартылады.
Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.
— Жаңадан құрылған үш облыстың кодтары төмендегідей:
ҚР ҚМ МКК Жетісу облысы бойынша МКД-7001
- МКД Ақсу ауданы бойынша МКБ-7002
- Алакөл ауданы бойынша МКБ-7003
- Қаратал ауданы бойынша МКБ-7004
- Кербұлақ ауданы бойынша МКБ-7005
- Көксу ауданы бойынша МКБ-7006
- Панфилов ауданы бойынша МКБ-7007
- Сарқан ауданы бойынша МКБ-7008
- Ескелді ауданы бойынша МКБ-7009
- Талдықорған қаласы бойынша МКБ-7010
- Текелі қаласы бойынша МКБ-7101
ҚР ҚМ МКК Абай облысы бойынша МКД-7101
- Абай ауданы бойынша МКБ-7102
- Аягөз ауданы бойынша МКБ-7103
- Бесқарағай ауданы бойынша МКБ7-104
- Бородулиха ауданы бойынша МКБ7-105
- Жарма ауданы бойынша МКБ-7106
- Курчатов қаласы бойынша МКБ-7107
- Үржар ауданы бойынша МКБ-7108
- Көкпекті ауданы бойынша МКБ-7109
- Ақсуат ауданы бойынша МКБ-7110
- Семей қаласы бойынша МКБ-7111
ҚР ҚМ МКК Ұлытау облысы бойынша МКД-7201
- Жаңаарқа ауданы бойынша МКБ-7202
- Ұлытау ауданы бойынша МКБ-7203
- Жезқазған қаласы бойынша МКБ-7204
- Қаражал қаласы бойынша МКБ-7205
- Сәтбаев қаласы бойынша МКБ-7206