Өңірлік әкімдікте хабарлағандай, бұл нысандар биылғы жылдың І жартыжылдығында ашылды. 2,5 млрд теңге көлемінде инвестициялар құйылып, 76 жұмыс орны құрылды.
Осылайша, облыста медициналық мақсаттағы бұйымдар – титан импланттары мен қозғалыс функцияларын қалпына келтіру тренажерларын шығаратын өндірістік кешен салынды және пайдалануға берілді. Жоба құны 2,2 млрд теңгені құрайды.
Қалған үш жоба ет бағытында жүзеге асырылды. Атап айтқанда, ұсақ мал мен ірі қара мал өсіру бойынша шаруашылықтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ ангус ет тұқымының репродукторы пайда болды және бордақылау кешені ашылды. Қуаттылығы – 500 бас, жылына 100 тонна ет өндіріледі.