«Біздің елде кәсіпкер “ержүрек”, «стреске төзімді» және «мықты» сөздерімен синоним болып табылады. Қазақстан бизнес құру үшін ең қолайсыз ел. Қаңтар оқиғасынан кейін бизнеске қатысты рейдтік тексерістер азайғандығы болмаса барлығы қаз-қалпында». Бұл Al Karal брендінің негізін қалаушы Әсем Кенжебектің Facebook парақшасында қалыдрған пікірі.
Бизнестің қазанында қайнап жүрген жан еліміздегі кәсіптің өркен жаюына кедергі келтіретін бірнеше себептерді атап көрсеткен.
Олар:
- Ең қымбат қаржыландыру. Ірі корпоративтік клиенттерде қазір несиелендіру мөлшерлемесі жылдық 16% – дан, ал ШОБ-та жылдық 20% – дан басталады.
- Біздің қисынсыз салықтарымыз туралы эпостар жазылған. Біз ортағасырлық еуропалық монархия кезіндегідей, Қазына бос болған кезде және әр алты ай сайын жаңа Салық ойлап табамыз.
- Сонымен қатар, ел ішінде де, одан тыс жерлерде де өте қымбат логистика. Теңіздер жоқ, инфрақұрылым мен көлік те жоқ.
- Салық қызметкерлерінің шексіз тексерістері.
- Геосаясатқа байланысты қауіпті қызыл аймақтағы инвестициялық климат.