No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

29 шілде – Ашура күні: Ораза ұстау міндет пе?

27.07.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
31
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2023 жылы Ашура күні 28 шілдеге, қасиетті жұмаға тұспа-тұс келіп тұр. Ашура күні мұсылманға ораза ұстау міндет емес, нәпіл оразалардан саналады, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Пайғамбарымыз алғаш Мәдина қаласына келгенде Рамазан айының оразасы парыз болмаған шақта қаладағы яһудилердің мұхаррамның оны күні ораза ұстайтынын көріп, олардан бұл оразаның себебін сұрайды. Сонда олар:

“Бұл біз үшін айтулы күн. Нақ осы күні Алла Тағала Мұса пайғамбар мен қауымын озбыр Перғауыннан құтқарған”, – деп жауап береді. Сонда Пайғамбар: “Олай болса Мұсаға сендерден гөрі мен жақынмын”, – деп, мұсылмандарға осы күні ораза тұтуға бұйырады. Бірақ кейінірек Рамазан оразасы парыз етілген соң: “Қалаған адам тұтсын, қаламаған адам аузын ашсын”, – деп адамның өз еркіне қалдырады.

Десе де бұл күні ораза ұстаған мұсылман үлкен сауапқа ие болады. Әрі ауыз бекіткен жанның өткен жылғы күнәлары кешіріледі.

Алла елшісі “Рамазан оразасынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айында тұтылған ораза”, – деген.

Осыған байланысты ханафи мәзһабында ашура оразасын ұстау – сүннет, ал оған алдыңғы (тоғызыншы), не кейінгі (он бірінші) күнді қосып тұту – мұстахап деп пәтуа берілген. Яғни 27 және 28 шілде немесе 28 және 29 шілде күндері ораза ұстау құпталған амал саналады.
Ашура күні пенде бұрынғы жасаған күнә-қателіктері үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе еткені жөн.
Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемістен жеген соң, тәубе етеді. Алла Тағала ол турасында қасиетті Құранда: “Сонда Адам (оған Алланың сәлемі болсын) Раббысынан сөздер үйренді де, жалбарынып тәубе етті. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді”, – деп айтқан. Ғалымдарымыз Адам пайғамбардың тәубесінің қабыл болған күн осы Ашура күні екенін айтқан.
Сонымен қатар бұл күні мұқтаждарға садақа берген абзал. Өйткені Ашура күні берілген садақаның сауабы мол.
Бұған қоса Ашура күні отбасы мүшелеріне, ағайын-туысқа ерекше көңіл бөліп, қуаныш сыйлау маңызды. Пайғамбарымыз: “Кімде-кім ашура күні әйел, бала-шағасына кеңшілік жасаса, Алла оған жыл бойы кеңшілік жасайды”, – деген.
“Кеңшілік жасау” дегенде дәмді тамақ әзірлеу, сыйлық беру сияқты сауапты істерді меңзеген. Ғалымдарымыз Ашура күнінде отбасына кеңшілік жасауды мұстахап амалға жатқызады.
Сондай-ақ Ашура күні кедей адамдарды қуантып, ең кемі он адамға сәлем берген абзал.

Ашура күні ізгі амалдарды орындап, жақсылық жасаудың сауабы қаншалықты мол болса, тыйым етілген істі жасаудың да күнәсі ауыр. Алла Тағала қасиетті Құранда: “Бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер…”, – деп айтқан.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматыда сапасыз үй салғаны үшін әкімдік құрылыс компаниясын сотқа берді

08.08.2022

1 шілдеден бастап халықты жұмыспен қамту орталықтары өз қызметін тоқтатады

25.06.2023

2022 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке 8 трлн. теңге салық түсімдері кірістелген

03.09.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа