Жаза басып, өмірде жүрісінен жаңылысқандар, темір торға тоғытылып, қылмыстың өтеуін өтегендердің бостандықтан кейінгі өмірі әдетте бұлыңғыр. Түрмеде отырып шыққандарға әдеттегі өмірге бейімделуде әсте ауыр. Осы ретте Алматы облысында түрмеде жазасын өтеп шыққандарға өз ісін бастауға мүмкіндік беретін арнайы жоба іске қосылды.
Өмір ағысын өзгерткен бұл адамдарға жоба аясында әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды іске асыруға 3 000 000 теңге сомасына шағын грант беріледі.
Басты талап, қатысушылар бизнес-жоспарларын қорғауы керек. Айта кетейік, келіп түскен өтініштер ішінен тек 10 жоба ғана іріктеуден өтеді.
Бұрын сотталғандар мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдар қатарынан 50-і ғана әлеуметтендіру және еңбекке бейімдеу қызметтерін алады.
Қаперіңізде болсын, алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамдар жобаға қатыса алмайды.