Қытайда цифрлық юаньмен алғашқы несие берілді. Сучжоу қаласындағы мунипиалды банк цифрлық валютаны тестілеу аясында жеке компанияға 500 мың юань несие берді, деп хабарлайды Kazbusiness.kz “Хабар 24” арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.
Алдағы уақытта цифрлық валютаны сынақтан өткізуге Қытайдың басқа қалалары да қосылуы мүмкін. Қаржы цифрлық әмиянға түседі. Ал несиені Қытайдың орталық банкінің платформамасы арқылы жабады. Осылайша заманауи төлем құралы сынақтан өткізіліп жатыр.
Биыл бес айда электронды июаньмен 264 миллион транзакция жасалған. Осындай жолмен аударылған ақша көлемі 12 миллиард долларға жеткен.
“Цифрлық юань әмиянды халықтың бестен бір бөлігі жүктеген. Бірақ ересектердің 44%-і бұл қосымшаны пайдаланбайтынын айтқан. Халықтың бір бөлігі электронды әмиянның қажет емес десе, қалғаны оның қалай жұмыс істейтінін білмейді”, – деп хабарлады Қытай халық банкі.