No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес жайлы таңдаулы 7 кітап

24.10.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бизнес жайлы ойланып жүрсіз бе? Өз ісіңді ашу үшін тың идея мен қолма-қол қаражаттың болуы аздық етеді. Өз кәсібіңіздің алға жылжып, оң нәтиже беруі үшін жұмыс процесін дұрыс ұйымдастыра білу маңыздырақ. Бұл үшін белгілі кәсіпкерлердің өз тәжірибесімен бөліскен бизнес жайлы кітаптарын оқуға кеңес береміз.

Генри Форд: «Менің өмірім, менің жетістіктерім» (Henry Ford, My life and Work)

Бұл кітап барлық әлем мемлекеттерін шарлап шыққан және көптеген тілдерде аударылған. Бұл кітапқа деген құштарлық жарнамалардың әсерінен емес, кітаптың құрылымынан туындаған. Өйткені мұнда әлемге танымал жанның өз компаниясын құрудағы тәжірибесі бар.

Кітапта Генри Форд өзінің өмірімен, бизнеске деген көзқарасымен, менеджмент саласындағы теорияларымен бөліседі. Қазіргі уақытта Фордтың жасаған жобасы бойынша мыңдаған компаниялар жұмыс істеуде.

Ричард Брэнсон: «Жалаңаштанған бизнес» (Richard Branson, Business Stripped Bare)

Ричард Брэнсонның алғашқы кітабы толығымен бизнесті құру және оны жүргізуге бағытталған. «Бұл беттерде өз жетістігім жайлы жазудың орнына мен өз компанияларым жайлы барлық шындықты жаздым», — дейді Ричард.

«Virgin» компаниясының құрылу және жетістікке жету тарихынан бөлек кітапта Ричардың жеке кітапшасынан алынған түйінді сөздер мен кеңестерге толы.

Роберт Кийосаки: «Бай әке, кедей әке» (Robert Kiyosaki, Rich dad, poor dad)

«Білімсіз ешнәрсеге жетпейсің!» дегенді барлығымыз естіген шығармыз. Білімнің керек шағы өтті. Роберт Кийосакидің бұл кітабы дәл осы жайында. Автор мектепте және ЖОО шынайы өмір мен жетістікке жету жолын үйретпейді деген түйін шығарады. Кітап арқылы Роберт қарапайым тілмен жетістікке жету жолы мен қаржылық сауаттылықты үйретеді.

Айн Рэнд: «Атлант арқасын кеңге салды» (Ayn Rand, Atlas Shrugged)

Айн Рэндтің бұл туындысын  бизнес жайлы «must read» кітаптар қатарына жатқызуға болады. Көптеген шетелдік кәсіпкерлер үшін бұл түрлі тапсырмалар мен шындыққа толы Библиямен тең. Кітап адамның көзқарасын өзгертіп, әлемге шынайы қарауға үйретеді. Адам өмірінің мәні жайлы сұрақтарға жауап беріп, кәсіпкерліктің мән-мағынасын ашып көрсетеді.

Максим Котов: «Ботаниктер де бизнес жасайды» (Максим Котов, И ботаники делают бизнес)

Бұл кітап бизнеске деген көзқарасты өзгертті. Кітапты оқығандардың көбі өз ісін бастауға бел байлайды. Кәсіп ашуға бағыттап қана қоймай, оқырманның ішкі жан-дүниені де өзгертеді. Кітап шынайы өнер туындысы және назарға алуға тұрарлық.

Тони Шей: «Бақыт әкелу. Нөлден миллиардқа дейін» (Tony Hsieh, Delivering Happiness. A Path to profits, passion and purpose)

Бұл кітапта бірінен-бірі қызықты бірнеше оқиғалар жинақталған. Өз кәсібін 9 жасында бастаған жас кәсіпкердің автобиографиясы мен «Zappos» компаниясының дамуы жазылған. Кітаптағы басты нәрсе – Тони және оның достарының бизнес құру құпиясы.

«Zappos» компаниясын құру барысындағы барлық жоспар мен тәжірибелер, қателіктер мен қызықты сәттер, ережелер мен қағидалар бір кітапқа жинастырылған.

Игорь Манн: «Бюджетсіз маркетинг. 50 жұмыс істейтін құрал» (Игорь Манн, Маркетинг без бюджета. 50 работающих инструментов)

Қаражатсыз маркетингпен жұмыс істнеу– қызықты әрі пайдалы тәжірибе. Автор өз кәсібінің жолында 5 рет маркетингпен айналысуына тура келген.

Маркетинг әлемінен қызықты ақпарат: 5000-ға жуық маркетингтік құралдардың арасында тек бірнеше ондағаны ғана жұмыс істейді және олар тегін. Бұл құралдардың тиімділері мен танымал еместері жайында кітапта сөз қозғалады.

Бұл кітаптар сізге кәсіпті жүргізудегі басты қағидаларға үйретеді. Қиын кезеңдерге дайындап, өзгелердің тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар сізді ынталандырып, кәсібіңізге көмегін тигізеді.

Байланысты Материалдар

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Алматы облысында газға қосылу бағасы 350 мыңнан аспайтын болады

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

“Тәуелсіздік ұрпақтары”. Әр саланың үздік жастарына 1 млн теңгенің сертификаты табысталды

23.01.2023

Қазақстанда «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу жүріп жатыр

16.12.2022

Прокурорлар кәсіпкерлермен кездесті

13.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды
  • 10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа