Жетісу облысы және Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының КҚКО (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы) қандай қызметтерді көрсететіні туралы Kazbusiness.kz сайты тізбектеп шықты.
Яғни, аталған ведомствоға барған уақытта сіз төмендегі қызметке қол жеткізе аласыз:
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер;
- қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері жөніндегі қызметтер;
- заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер жөніндегі қызметтер;
- маркетинг мәселелері бойынша қызметтер.
Айта кетерлігі, Алматы облысы мен Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының жаныңдағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 8 ай ішінде бизнес үшін 11 мыңнан астам қызмет көрсетті. Соның 5 мыңға жуығы кәсіпкер бизнесті дамыту үшін сервистік және консультациялық қызметтерге жүгінді.
Сондай-ақ қызметтер кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында оффлайн режимде де көрсетіледі:
- Талдықорған қаласында: № 8 шағынаудан, Астана даңғылы 2 “А”, 2 қабат, тел.: 8 (7282) 401-477)
- Қонаев қаласында: №1 шағынаудан, 43-ғимарат, тел.: 8(7282) 401-580).