No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарасай ауданында 15 млн теңгеге жеке тұлғаға сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды

Облыс әкімінің айтуынша, білім ордасы 8 маусымда алған адам өз еркімен мектепті мемлекетке қайтарды

15.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness
55
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысында жеке тұлғаға 15 млн теңгеге  сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Облыс әкімі білім ордасының 8 маусым күні мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді. Айтуынша, облыс бойынша мектеп тапшылығы бар. Үш ауысымды мектептер саны да азаймай тұр.

“Бізде үш ауысымды 51 мектеп бар. Нақты осы мектеп (сатылған – авт.) туралы айтсақ, біраз соттастық. 8 маусымда алған адам өз еркімен мектепті үкіметке қайтарып берді”, – деді облыс басшысы ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысында толық күрделі жөндеуден өткен мектеп ғимараты 15 млн теңгеге сатылып кеткенін айтқан болатын. Депутат білім ордасын екі ай ішінде қайтаруды талап етті.

“Өткен аптада Алматы өңіріне барып келдім. Мектеп туралы айтып жатсыздар. Мен сіздерге бір сұмдықты айтайын. Біз бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Мәселен, Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы 250 орынға арналған орта мектеп болған. Соңғы жылдары толық күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан спорт зал салынып, нысан пайдалануға берілді”, – деді депутат.

Айтуынша, мектепті әкімдік сатқан. Осы туралы білгеннен кейін прокуратураға айтылды. Бұл туралы халық қалаулысы:

“Барлық ауыл баласы қуанып жүргенде, ауыл мектебін жекеге сатып жіберген. Оны әкімдіктен басқа кім сатады? Оны 15 млн теңгеге сатқан. Прокуратураға “Қайда қарап отырсыңдар?” деп айттық. Олар сот шағымын қабылдамайтынын, шамасы жетпейтінін айтып отыр”, – деді депутат Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Одан бөлек Қарасай ауданында мектепті қай әкімнің жеке тұлғаға сатқаны анықталды. Ресми құжаттарға сәйкес, төлемшінің аты-жөні Шерхан Әлібекұлы делінген. Өз кезегінде мемлекеттік нысанды Қарасай тұрғын үй құрылысы деген компания сатып алған. Шерхан Әлібекұлы деген азаматтың ЖСН-ына қарағанда ол 1998 жылы туған азамат.

Байланысты Материалдар

Bitcoin Stalls дубльдер ретінде Джером Пауэлл Сабырлы келіссөздерден тұрады

17.07.2025

Дамушы нарықтардың жетекші стратегиясы ұзақ американдық ғасыр аяқталды дейді.U.S емес, Қытайға ставкаларыңызды қойыңыз. – MarketWatch

17.07.2025

Трамп үйдің көпшілігі Gop HOP-тің көпшілігі крипто-шоттарын қайтару туралы келіскенін айтады – Не білу керек – Forbes

17.07.2025

Қор биржасы Бүгін: NASDAQ фьючерстері слип;Табыс, инфляция мәліметтері – Тікелей жаңартулар – Wall Street Journal

17.07.2025

ASML акцияларының төмендеуі тарифтік белгісіздік туралы ескерту ретінде өсу туралы ескерту – Уолл-стрит журналы

17.07.2025

Tesla инженері компанияның айтуынша, компания қауіпсіздігі туралы мәліметтерді сақтайды – Law360

17.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Фото: ашық дереккөз

Алматыда балабақша жұмысшысы азғындық әрекеті үшін қамалды

17.07.2023
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының урбанистика басқармасының экс-басшысы ұсталды

19.07.2023

S & P 500 фьючерстері аз өзгерді, өйткені Уолл-стритте Fed Policy жиналысын қарастырады: Live жаңартулары – CNBC

07.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа