No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ескелділік шаруа қожалығы күніне   800 кг дейін құлпынай жинайды 

Биылғы жылы Жетісу облысында 480 тоннадан астам жидек жинау жоспарланса, соның тең жартысы құлпынай мен бүлдірген болмақ. Ортақ іске Ескелді ауданының бағбандары да елеулі үлес қосып келеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16.08.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
24
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Лазаренколар отбасы 10 жылдан астам уақыттан бері жерден ризығын теріп, құлпынай мен таңқурай өсіріп отыр. Қазіргі кезде бағбандар отбасы күніне шамамен 700-800 кг құлпынай, екі күнде бір 100-150 килограмнан таңқурай жинайды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Любовь Лазаренконың айтуынша, күйеуі мен оның бауырларының жермен жұмыс істеуге деген ынтасын оятқан әкелері Петр Андреевич екен. Ол бүкіл өмірін жергілікті колхоздың жұмысына арнапты, кейін пайға жер алып, жеміс-жидек өсіре бастаған. Уақыт өте келе бұл кәсіпті балалары жалғастырған, олар отбасын құрып, жеке шаңырақ көтергеннен кейін де бүкіл әулеттерімен осы іске ден қойған. Қазір жердің бір де бір бөлігі бос жатқан жоқ, бәрінде жеміс ағаштары мен жидектер өсіп тұр. Учаскенің басым бөлігін құлпынай мен таңқуарай алып жатыр. Бос орындарға гүлзарлар, түрлі түсті жаздық гүлдер отырғызылған. Лазаренколар Интернеттің көмегімен бағбандыққа қатысты көп нәрсе үйренгендерін айтады.

– Біз негізінен құлпынай мен таңқурай өсіреміз. Жидектер пайдалы әрі дәмді болғанына қарай бапты көп тілейтін кірпияз өсімдіктер. Сондықтан оны барынша күтіп-баптау керек, – дейді Л. Лазаренко.

Біраз күн жауынды болғандықтан, бақта жұмысшылар өнім жинауды қоя тұрып, көшет егуге дайындық жұмыстарына кіріскен. Бір айдан кейін көшет жерсінген соң дайын құлпынай көшеті полиэтилен пленкасымен жабылған топыраққа отырғызылады.

– Қазіргі кезде құлпынай 2 гектар жерде. Біз «Альбион» десерт сортын өсіріп отырмыз. Оның жемісі нәрлі, жұпар иісті, берік. Дегенмен қатты ыстықта оның жемісі ұсақталып кетеді. Сондықтан биыл өнім орташа болды, оған биылғы жылы қыста қардың аз түсуі де себеп болды. Бұл сорт өнімді мамырдың басынан бастап қара күзге дейін береді. Ең бастысы – дәмі тамаша, өнімділігі мол, жақсы сақталады, тасымалдауға да қолайлы, формалары да көз тартады, сопақ түрі де, жүрек тектес формалысы да бар, – дейді бағбан өсіріп отырған сорттардың ерекшелігіне тоқталып.

Өнімді өткізуде қиындық жоқ. Талдықорғаннан көтерме бағада келіп алып кететіндер көп. Лазаренко отбасының өсірген құлпынайларын астаналық тұрғындардың да дастарқанынан көруге болады. Сол сияқты Өскемен, Семей және басқа қалаларда да өз тұтынушылары бар. Мұнда аздаған килограмнан алуға ниетті адамдардың да қолын қайтармайды. «Кез келген сатып алушыны қуана қарсы аламыз», – деді бағбан.

Алма бағы да биыл жақсы жеміс берген. Жемістің молдығынан ағаш бұтақтары иіліп жерге тиюге шақ тұр. Бүлдірген де пісе бастаған.

Шаруа қожалығына тиесілі жер учаскесінің жалпы алаңы 20 гектарға жуық. Любовь Лазаренконың айтуынша, олар тамшылатып суару технологиясын енгізудің пайдасын көре бастаған.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға қол жеткізсе, өңдеу өнеркәсібін ашуға ниетті. Нақтырақ айтқанда, джем мен тосап дайындасақ дейді.

Жермен жұмыс істеуден жалықпайтын кәсіпкерлер Николай мен Любовь Лазаренколар жидектің басқа да түрлерін өсіріп көруді жоспарлап отыр. Қазір шаруашылық селекционерлердің таңқурай мен бүлдіргенді будандастыру арқылы жасаған жидектің жаңа түріне ерекше мән бергелі отыр. Оның алғашқы көшеттері отырғызылып, алды өнім бере де бастаған. Лазаренколар отбасы бұл жидекке де қызығушылардың көп болатынына сенімді.

Жеміс-жидек алқабында жергілікті тұрғындардан 10 адам тұрақты жұмыс істейді, оларға тегін түскі ас, таңертең және кешкі тасымал ұйымдастырылған. Маусым кезінде олардың саны едәуір көбейеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қостанайда саяжай иелері жер телімдерін сот арқылы қорғап қалды

08.12.2022

Кәсіпкерлерге жарнама үшін заңсыз салық салынған

22.02.2023

Ауыл тұрғындарына 2,5%-бен шағын несие беріледі

29.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа