No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында көкөніс бағасы бір жылда 27,8 пайызға артты

20.10.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елімізде көкөніс импорты экспорт деңгейінен асып түсті, деп хабарлайды kazbusiness.kz EnergyProm сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ҚР-да бұрыш импорты 3 есе өсіп, 26,9 мың тоннаға дейін жетті. Сондай-ақ  бақша дақылдарының импорты 85,2%-ға (50 мың тоннаға дейін), қияр мен қышқыл 69,7%-ға (7,6 мың тоннаға дейін), сарымсақ 64,4%-ға (3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат 61,5%-ға (103 мың тоннаға дейін), қызанақ 40,9%-ға ( 51 мың тонна) артты. Қызылша импорты 5,3%-ға  (9,1 мың тоннаға дейін) және баялды 2,3%-ға ( 2,2 мың тоннаға дейін) аз болса да өсті.

Картоп (19,9% — ға 42,9 мың тоннаға дейін), пияз (8,4%-ға 194,5 мың тоннаға дейін) және сәбіз (5,5%-ға 32,5 мың тоннаға дейін) сияқты көкөністер бойынша импорт көлемі қысқарды.

Өз кезегінде ҚР-да экспорт көлемінен де өсім байқалады. Қызылша 3,4 есе (892,9 тоннаға дейін), бұрыш 3,2 есе (565,3 тоннаға дейін), сәбіз 29,6%-ға (2,3 мың тоннаға дейін), қияр 24,6%-ға(3 мың тоннаға дейін), сарымсақ 24,4%-ға (403,2 тоннаға дейін) артты.

Алайда картоп, баклажан, қызанақ, бақша дақылдары, пияз және қырыққабат экспорты қысқарды.

Өкініштісі, ағымдағы жылы көкөністердің негізгі түрлері бойынша импорт көлемі экспорттан бірнеше есе артық. Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш 47,6 есе, қырыққабат 18,3 есе,  сәбіз 13,9 есе, қызылша 10,2 есе, сарымсақ 8,7 есе, пияз 6,3 есе, картоп  5 есе, қызанақ 4,9 есе және қияр 2,6 есе артық.

Биыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер бір жылда 10%-ға қымбаттаған. Олардың ішінде қияр 29,6%-ға, қызанақ 21,8%-ға, пияз 13,9%-ға, картоп 13,2%-ға және қызылша бағасы 0,1%-ға өсті. Сәбіз (2,2%) және ақ қырыққабат (9,5%) арзандаған.

Алматы облысында баға шарықтаған. Бір жылда баға 27,8%-ға артқанын көруге болады. Жетісу және Атырау облыстары да бір жылда тиісінше 24,4% және 17%-ға қымбаттады.

Бағаның төмендеуі Жамбыл (0,6%-ға) және Ұлытау (2,3%-ға) облыстарында байқалды.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ресми жұмысы бар адамның бизнесті жүргізуде кездесетін қиындықтары қандай?

02.12.2022

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарды

04.11.2022

Бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтардың көмегіне 1,7 мыңнан астам кәсіпкер жүгінді

20.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа