Онда ол Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика бар екенін айтып, стратегиялық даму жобасы туралы баяндады.
Дамудың негізгі 5 бағытынан тұратын құжат 2 кезеңді қамтиды: 2025 жылға дейін және 2030 жылға дейін жүзеге асырылмақ.
Алматы облысында таяу уақытта инвестицияның өсімін 455 миллиард теңгеден 686,5 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Осы мақсатта құны 618 миллиард теңге болатын әрі 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 132 жобадан тұратын инвестпортфель жасақталған.
Марат Елеусізұлының айтуынша, облыс экономикасын дамытудың негізін қайта өңдеу секторы, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, логистика және туризм құрамақ.
Сондықтан да қазірдің өзінде облыста 2626 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін құны 290 миллиард теңгелік 23 жоба іске асырылып жатыр.
Агроөнеркәсіп кешені саласында 3330 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін құны 210 миллиард теңге болатын 78 жоба жүзеге асырылып келеді. АӨК жобалары облыстың барлық ауданында қолға алынған.