No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл ел халқының қаржылай сауаты 39,02 пайызды құрады

24.11.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл қаржылық мониторинг агенттігі әрекеті күмәнді 8,5 мың интернет ресурстың жұмысын бұғаттаған. Дегенмен, қазіргі таңда тіпті жоғары білімі бар, көз ашық азаматтардың өзі қаржы алаяқтарының алдауына түсіп жатады. Оған себеп — халықтың басым көпшілігі қаржылық қауіпсіздік дағдыларын білмейді. Бұл тенденция Қазақстанда ғана емес Еуропа мен Орталық Азия елдеріне де тән. Бұл туралы орталық коммуникациялық қызметінде өткен «Халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттыру туралы» брифингте қаржы мониторингі агенттігі, кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.

Ведомства өкілдері қаржылық қауіпсіздік дағдыларын мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру керек екенін айтады. Қазіргі таңда қаржылық қауіпсіздік бойынша 5-сыныптардан бастап модульді пән ретінде сабақ өтіледі.

Сондай-ақ, спикер қаржылық алаяқтықтың үдеуіне интернет арқылы ұсынылатын қаржылық өнімдердің саны жыл сайын артып, оған қол жеткізе алатын адамдардың жасарып бара жатуы ықпал еткеніне ерекше назар аударды. Өйткені елімізде балалар 10 жастан бастап-ақ банк картасын қолдана алады.

«Қазіргі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі «Қаржы пирамидасы» секілді алаяқтық формасын құру мен жетекшілік етуге қарсы іс-қимыл механизмдерін іске қосып, жетілдірген. Қазір интернет арқылы алаяқтарға қаржы аудару  мүмкіндігін азайту үшін күмәнді сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар анықталып, оларға тиым салынып жатыр. Тек осы жылы ғана  Қаржылық мониторинг агенттігі 8,5 мың осындай интернет ресурстың жұмысына тиым салды», — дейді Нұрлан Адалиев.

Сонымен қатар, оқушылар мен студенттердің бойында қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру үшін өңірлердегі Қаржылық мониторинг департаменттері мен орталық аппарат мамандары биылғы оқу жылында тұңғыш рет студенттер мен оқушыларға дәрістер өткізді. Онда банк карталары, интернет сауда, қаржы пирамидасы мен слудомания проблемасына қатысты ақпараттар берілді. Жыл басынан бері мұндай сабақтар 17 мыңнан астам оқушы мен студентті қамтыды. Мұндай лекциялар 300 мектеп, 34 ЖОО мен 40 колледжде оқылған.

Жалпы, қазақстандықтардың қаржылай сауаты көтеріліп келеді. Экономикалық даму және ықпалдастық ұйымының зерттеуінше биыл қаржылай сауат индексі 39,02%, былтыр ол көрсеткіш 39,52%-ды құраған еді.

 «Негізі аталған индекс бойынша орташа халықаралық индекс 40%-ды құрайды. Сондықтан, бұл жаман нәтиже емес», — дейді Нұрлан Адалиев.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Егін ексең — ебін тап!

07.09.2022

Талғар ауданында 100-ге жуық тұрғын жерін заңдастыра алмай келеді

01.12.2022

Ағаш өңдейтін кәсіпорындар ресейлік шикізатты көлікпен тасымалдай алады

11.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа