No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

70 жылдық тарихы бар шаһарда 45 кәсіпорын жұмыс істейді

Жетісудың кіндік қаласынан 39 шақырым жерде өндірістік шаһар орналасқан. Әуелдегі шағын қала өркендеп, өндірісі дамып, өрлеудің жаңа жолына да түсті, тұрғын үйлер, ғимараттар бой көтерді, әлеуметтік нысандар ашылды, күрделі кезеңдердің қыспағынан да өтті, уақыттың жалына жабысып, жетпісінші баспалдағына көтерілген – Текелі қаласы.

29.08.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Аумағы, 6133 гектарды алып жатқан өңірде 34 мыңға жуық адам тұрады. Оймақтай ғана қала республикаға өндірісімен танымал. «Суффле Қазақстан» АҚ, «Текелі тау-кен байыту кешені» ЖШС, «Текелі энергокешені» ЖШС-і шаһардағы негізгі өндірістік кәсіпорындар болып табылады. Моноқаланың кәсіпкерлік көкжиегі кең. Жетпіс жылдық тарихы бар Текеліде қазір 45 кәсіпорын жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы -2020», «Бастау-бизнес», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы сеп. Бүгінде бәсекеге қабілетті өнім шығару үдесімен жұмыс істейтін 1455 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Атап айтсақ «Шарықтас», «Текелі Гранит», «Монолит»,«Алатау Мрамор», «Мрамор Тас», «Алақай» сынды кәсіпорындардың өнімдеріне сұраныс жоғары.

 

Ірі өндірісі көп. Бірі – ТМД елдеріндегі бірегей кәсіпорын «Суффле Қазақстан» солод зауыты. Жобалық қуаттылығы жылына 80 мың тонна солод өндіретін зауыт өнімі алыс-жақын шетелге, Батыс Еуропа елдеріне экспортталады. Екіншісі – 60 жылдық тарихы бар «Текелі сүт зауыты». Халықты табиғи таза өнімдерімен қуантып келеді. Тәулігіне 20 тоннаға дейін сүт өңдеу зауытынан «Текелі» брендімен сүт, айран, май, қаймақ, сүзбе сынды 23 түрлі өнім шығады.

 

Енді бұл қатарды, Темірді тікелей қалпына келтіру жөніндегі жартылай өндірістік зауыты толықтырмақ. Жылдық қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын өндіріс ошағының құрылысы 2021 жылы басталған. Инвестиция көлемі – 4 млрд.теңгеге жуық. Зауыттың жалпы ауданы 3 гектарды алып жатыр. Тың бағытта жұмыс жасап отырған жаңа жұмыс орнында 80 адам еңбек етеді. Айта кетейік, зауыттың негізгі ашылуы ағымдағы жылы көктем мезгіліне жоспарланып отыр. Бір қуантарлығы, аталмыш зауыт Өндіріс технологиясы бойынша Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын болмақ.

Әлеуеті әуелеген қала, тек өндірісімен ғана емес тұмса табиғатымен астасып жатқан емдік-шипалық мекемелерімен де танымал. Еліміздің түкпір-түкпірінен ағылып келетін демалыс орнының бірі-«Текелі» шипажайы.

 

Қазақстанның ең танымал шипажайлары қатарына кіреді. Ол теңіз деңгейінен 1050 метр биіктіктегі Текелі қаласының шұрайлы сұлу табиғатының бір бөлігі тоғайлы тау етегінде орналасқан. Профилакторий 1976 жылдан жұмыс істеп келеді. Ғимараттың орналасқан жері биік, заңғар таулардан соғатын желдің өтінен қорғала тұрғызылған, құдды демалып, емделу үшін табиғаттың арнайы тартуындай көрінеді. Бұл жерде көптеген сырқаттардан емделу үшін соңғы үлгідегі заманауи және ең тиімді ем-домд әдістерін ұсынады.

 

«Текелі» профилакторийі денсаулықты нығайтудың 1 дәрежелі мекемесі болып саналады, демалушы ата-аналарды барлық жас мөлшеріндегі балаларымен қабылдауға мүмкіндік берілген мемлекеттік лицензиясы бар. Профилакторийдің диагностикалық-емдеу базасы көптеген аурулардың алдын алу мен оны емдеуге қажетті құрылғылармен жабдықталған.

 

Тәжірибелі мамандар тиімді заманауи технологияларды қолдана отырып, ағзаның жалпы жағдайын қарап, ауруды анықтайды. Профилакторийде әр саланың маман дәрігерлері: терапевт, уролог, кардиолог, невропотолог, гинеколог кеңес береді. Демалушыларға барлық жағдай жасалған, теледидар мен тоңазытқыштары бар жайлы жабдықталған екі орынды нөмірі мен «ЛЮКС» нөмірлерін таңдау ұсынылады.

 

Көркем мекендегі көрікті орындардың тағы бірі ашылғанына бір жыл толған «VUSLAT» жаңа туристік нысаны. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында туризмді дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен еліміздегі ең ұзын көше Қонаев көшесінің бойында, Текелі өзенінің жағасында бой көтерген еді.

 

Демалыс орны 73000 шаршы метр аумақты құрайды. Негізгі бөлігі Текелі өзенінің солтүстігінде. Оңтүстік жағалауда автотұрақ және демалушыларды тіркеу орны орналасқан. Екі жағалауды жалғап тұрған шағын көпір бұлақтары сарқыраған тау табиғатының болмысын танытып, адамдарға эстетикалық шабыт сыйлайды. Доға тәрізді көпірге көтеріле бере, алдыңыздан жаратылыс өзі айшықтаған көркемдікпен үйлесім тапқан заманауи үлгідегі қонақжайдың келісті келбеті көлденең тартылады. Туристік нысан көрінісі көркем әрі аса қолайлы жерде. Сондықтан, экотуризм қағи-далары да қарастырылған. Алыстан келген саяхатшылар осында тоқтап, әйгілі Бұрханбұлаққа, сондай-ақ, қыс мезгілінде «Горняцкий» шағынауданында орналасқан шаңғы базасына бара алады. Демалыс орнын салуға 200 млн теңге инвестиция тартылған. Қазірдің өзінде 10-нан астам адам жұмыспен қамтылған. Олардың басым бөлігі – жастар және қала тұрғындары.

 

70 жылдық тарихы бар қаланың бүгінгі аяқ алысы көңіл қуантады. Келісті келбетіне сай кереге жайып келе жатқан шаһардың келешегі кемел.

 

 

 

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан алдағы жеті жылда 150 млрд доллар инвестиция тартады

24.12.2022

Қазақстанда 62 мыңнан астам жетім бала баспана кезегінде тұр

18.05.2023

Қарағандыда спорт кешенінің қабырғасы опырылып кетті

02.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа